Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидаларында:
10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген іссапарға баратын кандидаттарды қоспағанда, жіберуші мемлекеттік органда жұмыс істеген соңғы екі жылда қызметі "тиімді" және "өте жақсы" мәндерімен бағаланған мемлекеттік қызметші бара алады.
Әскери қызметші, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері лауазымын атқаратын іссапарға баратын кандидат соңғы аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясының оң шешімі болған жағдайда іссапарға бара алады;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |