"Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1035 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидаларында:

      10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген іссапарға баратын кандидаттарды қоспағанда, жіберуші мемлекеттік органда жұмыс істеген соңғы екі жылда қызметі "тиімді" және "өте жақсы" мәндерімен бағаланған мемлекеттік қызметші бара алады.

      Әскери қызметші, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері лауазымын атқаратын іссапарға баратын кандидат соңғы аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясының оң шешімі болған жағдайда іссапарға бара алады;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 "О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2022 года № 1035

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 "О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы" следующее изменение:

      в Правилах прикомандирования государственных служащих из иных государственных органов к загранучреждениям Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 5) пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "5) имеющий за последние два года работы в направляющем государственном органе оценки деятельности со значениями "эффективно" и "превосходно", за исключением кандидатов на прикомандирование, указанных в части второй настоящего подпункта.

      Кандидат на прикомандирование, занимающий должность военнослужащего, сотрудника правоохранительного или специального государственного органа, может быть прикомандирован при условии положительного решения аттестационной комиссии по итогам последней аттестации;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов