Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 552 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесінде:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) газ толтыру станциялары:
резервуарлардың жалпы сыйымдылығы сегіз мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;
резервуарлардың жалпы сыйымдылығы сегіз мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жалпы ауданы үш жарым мың шаршы метр және одан көп, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен үш километрден астам қашықтықта орналасқан өрт қаупі, жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар бар өнеркәсіптік өндірістің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар – жолға шығатын техникасы бар.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |