Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдерін, қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 13 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 386-бабы 6-тармағының 9) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдері, қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 13 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдері, қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдері, қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 386-бабы 6-тармағының 9) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдерін, тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 553-бабының 4-тармағы кестесінің 4-жолының ережелерінің талаптары және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылмайтын көлік құралдарының (бұдан әрі – көлік құралдары) жекелеген санаттарына қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату тәртібі, шарттары мен мерзімдері

      3. Көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін 200000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесін қолдану үшін Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – өтініш беруші) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) филиалдары немесе "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – ЭҮП) және уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінеді.

      Бұл ретте өтініш беруші мыналарды ұсынады:

      1) көлік құралын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдануды мақұлдау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      3) көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) және (немесе) көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – тіркеу құжаттары);

      4) көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.05.2023 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Мемлекеттік корпорация жұмыскері:

      1) ақпараттық жүйеде өтінімді қалыптастырады, оған нөмір береді, осы Қағидалардың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды сканерлейді, содан кейін құжаттарды өтініш берушіге қайтарады;

      2) көлік құралының нөмірлік агрегаттарының тіркеу құжаттарында көрсетілген есептік деректеріне сәйкестігін салыстыру және олардың төлнұсқалығын белгілеу (жасырыылған, жалған немесе қандай да бір басқа тәсілдермен өзгертілген нөмірлік агрегаттарын анықтау) мақсатында өтініш берушіні мемлекеттік корпорация жанындағы тексеріп-қарау пунктіне жібереді.

      5. ЭҮП және уәкілетті орган айқындаған өзге ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінген кезде:

      1) өтініш беруші "жеке кабинетке" кіруді жүзеге асырады, өтінішті электрондық түрде толтырады және осы Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркейді.

      2) уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін өтініш берушінің "жеке кабинетіне":

      өтініштің және күні мен өтінішке берілген нөмірді көрсете отырып, ұсынылған құжаттардың сканерленген көшірмелерінің алынғаны;

      көлік құралының нөмірлік агрегаттарының тіркеу құжаттарында көрсетілген есептік деректеріне сәйкестігін салыстыру және олардың төлнұсқалығын белгілеу (жасырылған, жалған немесе қандай да бір басқа тәсілдермен өзгертілген нөмірлік агрегаттарын анықтау) мақсатында мемлекеттік корпорация жанындағы тексеріп-қарау пунктіне көлік құралдарының әкелінгені туралы электрондық құжат нысанында хабарлама жібереді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.05.2023 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Мемлекеттік корпорация жанындағы тексеріп-қарау пунктінде тексеріп-қарауды және нөмірлік агрегаттардың, көлік құралының мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісінің тіркеу құжаттарында көрсетілген есептік деректерге сәйкестігін салыстырып тексеруді және олардың төлнұсқалығын белгілеуді (жасырын, жалған немесе қандай да бір өзге тәсілдермен өзгертілген нөмірлік агрегаттарды анықтауды) ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері жүзеге асырады.

      Тексеріп-қарау және көлік құралының нөмірлік агрегаттарын салыстыру нәтижелері уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.05.2023 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың сканерленген көшірмелерімен бірге өтініш, сондай-ақ тексеріп-қарау және көлік құралының нөмірлік агрегаттарын салыстыру нәтижелері түскеннен кейін іздеуде жүргені, көлік құралына салынған шектеулер мен ауыртпалықтардың бар-жоғы тұрғысынан өтініш беруші мен көлік құралын екі жұмыс күні ішінде тексереді және осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген шешімдердің бірін қабылдайды.

      8. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган:

      1) көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдануды мақұлдау;

      2) көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      9. Өтініш мақұлданған жағдайда көлік құралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 қаңтарда № 10056 болып тіркелген) бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында көзделген тәртіппен бастапқы мемлекеттік тіркеуге жатады.

      10. Көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудан бас тарту туралы шешім көлік құралы осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.

      11. Егер көлік құралы мынадай талаптарға сәйкес келсе, көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін оларға 200000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесі қолданылады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген;

      2) іздеуде жоқ;

      3) басқа мемлекеттің құзыретті органында бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік есептен шығарылған;

      4) кедендік тазалаудан өткен.

      11-1. Егер Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағына әкелінген көлік құралының кедендік тазартудан өтуі расталмаса, бұл ретте көлік құралы бұған дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органында тіркеу есебінде тұрмаған болса, Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінсе және іздестіруде болмаса, мұндай көлік құралын алғашқы тіркегені үшін 200000 теңге мөлшеріндегі алым мөлшерлемесін қолдануға және оны иеліктен шығару мүмкіндігінсіз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқығымен ғана бастапқы тіркеуге:

      1) өтініш;

      2) ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеріп-қарау актісі;

      3) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық тексеріп-қарау операторларының тізіліміне енгізген техникалық тексеріп-қарау операторы берген міндетті техникалық тексеріп-қараудан өткенін растайтын техникалық тексеріп-қараудың диагностикалық картасы негізінде жол беріледі.

      Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2023 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарында көлік құралының әкелінуі туралы мәліметтер болмаған жағдайда әкелінген күні бірыңғай сақтандыру дерекқорындағы мәліметтер негізінде айқындалады.

      13. Көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатып, оларды бастапқы тіркегені үшін 200000 теңге мөлшеріндегі алым мөлшерлемесін қолдану үшін өтініштер қабылдау осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде берілген өтініштер осы Қағидаларға сәйкес 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қаралады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Көлік құралдарының санаттары

      14. Осы Қағидалар М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына бастапқы мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын оң жақтағы рөлмен басқарылатын көлік құралдарына қолданылады.

      Бұл ретте көлік құралдарын санаттар бойынша жіктеу "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (ТР КО 018/2011) 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил, условий и сроков применения ставки сбора за первичную регистрацию отдельных категорий транспортных средств, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года, и освобождения физических лиц, осуществивших ввоз таких транспортных средств от расширенных обязательств производителей (импортеров), а также категорий транспортных средств

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 января 2023 года № 13.

      В соответствии с подпунктом 9) пункта 6 статьи 386 Экологического кодекса Республики Казахстан и статьей 2 Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и Закон Республики Казахстан "О введении в действие Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила, условия и сроки применения ставки сбора за первичную регистрацию отдельных категорий транспортных средств, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года и освобождения физических лиц, осуществивших ввоз таких транспортных средств от расширенных обязательств производителей (импортеров), а также категории транспортных средств.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 9 января 2023 года № 13

Правила, условия и сроки применения ставки сбора за первичную регистрацию отдельных категорий транспортных средств, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года, и освобождения физических лиц, осуществивших ввоз таких транспортных средств от расширенных обязательств производителей (импортеров), а также категории транспортных средств

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила, условия и сроки применения ставки сбора за первичную регистрацию отдельных категорий транспортных средств, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года, и освобождения физических лиц, осуществивших ввоз таких транспортных средств от расширенных обязательств производителей (импортеров), а также категории транспортных средств (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 9) пункта 6 статьи 386 Экологического кодекса Республики Казахстан и статьей 2 Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и Закон Республики Казахстан "О введении в действие Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" и определяют порядок, условия и сроки применения ставки сбора за первичную регистрацию отдельных категорий транспортных средств, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года, и освобождения физических лиц, осуществивших ввоз таких транспортных средств от расширенных обязательств производителей (импортеров), а также категории транспортных средств.

      2. Действие настоящих Правил распространяется на отдельные категории транспортных средств, предусмотренных в настоящих Правилах, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года (далее – транспортные средства), на которые не распространяются требования положения строки 4 таблицы пункта 4 статьи 553 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" и расширенные обязательства производителей (импортеров).

Глава 2. Порядок, условия и сроки применения ставки сбора за первичную регистрацию транспортных средств, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года, и освобождения физических лиц, осуществивших ввоз таких транспортных от расширенных обязательств производителей (импортеров)

      3. Для применения ставки сбора за первичную регистрацию транспортных средств в размере 200000 тенге граждане Республики Казахстан (далее – заявитель) обращаются в уполномоченный орган по обеспечению безопасности дорожного движения (далее – уполномоченный орган) через филиалы некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – государственная корпорация) или портал "электронное правительство" (далее – ПЭП) и иные объекты информатизации, определенные уполномоченным органом.

      При этом заявитель представляет:

      1) заявление об одобрении применения ставки сбора за первичную регистрацию транспортного средства (далее – заявление);

      2) документ, удостоверяющий личность заявителя (для идентификации личности);

      3) паспорт транспортного средства (паспорт шасси транспортного средства) и (или) свидетельство о регистрации транспортного средства (далее – регистрационные документы);

      4) документ, подтверждающий право собственности на транспортное средство.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 04.05.2023 № 356 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Работник государственной корпорации:

      1) формирует в информационной системе заявление, присваивает ему номер, производит сканирование документов, предусмотренных подпунктами 3) и 4) части второй пункта 3 настоящих Правил, после чего возвращает документы заявителю;

      2) направляет заявителя на пункт осмотра при государственной корпорации с целью сверки соответствия номерных агрегатов транспортного средства учетным данным, указанным в регистрационных документах, и установления их подлинности (выявления скрытых, подложных или измененных какими-либо иными способами номерных агрегатов).

      5. При обращении через ПЭП и иные объекты информатизации, определенные уполномоченным органом:

      1) заявитель осуществляет вход в "личный кабинет", заполняет в электронном виде заявление и прикрепляет сканированные копии документов, предусмотренных подпунктами 3) и 4) части второй пункта 3 настоящих Правил;

      2) уполномоченный орган после проверки полноты предоставленных документов направляет заявителю в "личный кабинет" уведомление в форме электронного документа о:

      получении заявления и предоставленных сканированных копий документов, с указанием даты и номера, присвоенного заявлению;

      предоставлении транспортного средства на пункт осмотра при государственной корпорации с целью сверки соответствия номерных агрегатов транспортного средства учетным данным, указанным в регистрационных документах, и установления их подлинности (выявления скрытых, подложных или измененных какими-либо иными способами номерных агрегатов).

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 04.05.2023 № 356 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. В пункте осмотра при государственной корпорации осмотр и сверка соответствия номерных агрегатов, государственного регистрационного номерного знака транспортного средства учетным данным, указанным в регистрационных документах, и установление их подлинности (выявление скрытых, подложных или измененных какими-либо иными способами номерных агрегатов) осуществляются уполномоченным сотрудником органов внутренних дел.

      Результаты осмотра и сверки номерных агрегатов транспортного средства вносятся в информационную систему уполномоченного органа.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 04.05.2023 № 356 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Уполномоченный орган после поступления заявления вместе со сканированными копиями документов, предусмотренных в пункте 3 настоящих Правил, а также результатов осмотра и сверки номерных агрегатов транспортного средства в течение двух рабочих дней проверяет заявителя и транспортное средство на предмет нахождения их в розыске, наличия ограничений и обременений, наложенных на транспортное средство, и принимает одно из решений, предусмотренных в пункте 8 настоящих Правил.

      8. По результатам рассмотрения заявления уполномоченный орган выносит решение об:

      1) одобрении применения ставки сбора за первичную регистрацию транспортных средств;

      2) отказе в применении ставки сбора за первичную регистрацию транспортных средств.

      9. В случае одобрения заявления транспортное средство подлежит первичной государственной регистрации в порядке, предусмотренном Правилами государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, утвержденными приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2014 года № 862 (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 января 2015 года № 10056).

      10. Решение об отказе в применении ставки сбора за первичную регистрацию транспортных средств выносится в случаях, если транспортное средство не соответствует требованиям, предусмотренным в пункте 11 настоящих Правил.

      11. К транспортным средствам применяется ставка сбора за их первичную государственную регистрацию в размере 200000 тенге, если транспортное средство соответствует следующим требованиям:

      1) ввезено на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года;

      2) не находится в розыске;

      3) снято с государственного учета по месту прежней регистрации в компетентном органе другого государства;

      4) прошло таможенную очистку.

      11-1. Если прохождение таможенной очистки транспортного средства, ввезенного на территорию государств – членов Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС), не подтверждается, при этом транспортное средство ранее не состояло на регистрационном учете в компетентном органе государства – члена ЕАЭС, ввезено на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года и не находится в розыске, допускаются применение ставки сбора за первичную регистрацию такого транспортного средства в размере 200000 тенге и его первичная регистрация без возможности отчуждения, а также с правом эксплуатации только на территории Республики Казахстан на основании:

      1) заявления;

      2) акта осмотра транспортного средства, выданного уполномоченным сотрудником органов внутренних дел;

      3) диагностической карты технического осмотра, подтверждающей прохождение обязательного технического осмотра, выданной оператором технического осмотра, включенным уполномоченным органом в области транспорта и коммуникаций в реестр операторов технического осмотра.

      Сноска. Глава 2 дополнена пунктом 11-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 04.05.2023 № 356 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Дата ввоза транспортного средства на территорию Республики Казахстан определяется на основании сведений Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и (или) органов государственных доходов.

      При отсутствии сведений о ввозе транспортного средства в Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и (или) у органов государственных доходов дата ввоза определяется на основании сведений из единой страховой базы данных.

      13. Прием заявлений для применения ставки сбора за первичную регистрацию транспортных средств в размере 200000 тенге с освобождением физических лиц, осуществивших их ввоз на территорию Республики Казахстан, от расширенных обязательств производителей (импортеров) в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан осуществляется со дня введения в действие настоящих Правил и до 1 июля 2023 года.

      При этом заявления, поданные в течение срока, указанного в части первой настоящего пункта, подлежат рассмотрению в соответствии с настоящими Правилами до 31 декабря 2023 года.

      Сноска. Пункт 13 – в редакции постановление Правительства РК от 15.12.2023 № 1129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Категории транспортных средств

      14. Действие настоящих Правил распространяется на транспортные средства категорий М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G, в том числе с правосторонним рулевым управлением, первичная государственная регистрация которых осуществляется за гражданами Республики Казахстан.

      При этом классификация транспортных средств по категориям осуществляется в соответствии с приложением 1 к техническому регламенту Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (ТР ТС 018/2011).

      ________________________________