Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
"1-бөлім. Инвестициялық жобаларды, (соның ішінде инвестициялық басым жобаларды), арнайы инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі" деген бөлімде:
мына:
"
55 | Тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер | 55.1 | Қонақүйлердің қызметтерін ұсыну | 55.10 | Қонақүйлердің қызметтерін ұсыну |
55.3 | Кемпингте алаңдар, рекреациялық автопарктер және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер | 55.30 | Кемпингте алаңдар, рекреациялық автопарктер және трейлерлік парктерде тұру үшін қызметтер |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
55 | Уақытша тұру жөнінде қызметтер көрсету | 55.1 | Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі | 55.10 | Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі |
55.3 | Кемпингтердің, тұрақтардың тұруға арналған автофургондар мен автотіркемелерге қызметтер көрсетуі | 55.30 | Кемпингтердің, тұрақтардың тұруға арналған автофургондар мен автотіркемелерге қызметтер көрсетуі | ||
55.9****** | Тұруға арналған өзге де орындардың қызметтер көрсетуі | 55.90 | Тұруға арналған өзге де орындардың қызметтер көрсетуі |
";
мына:
"
68 | Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 68.2 | Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару | 68.20 | Көрме залдарын, қоймалық үй-жайларды және жерді қоса алғанда, тұруға арналмаған ғимараттарды қоспағанда, жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
86 | Денсаулық сақтау саласындағы қызмет | 86.1 | Аурухана ұйымдарының қызметі | 86.10 | Аурухана ұйымдарының қызметі |
"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
91******* | Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет | 91.0 | Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет | 91.02 | Музейлердің қызметі |
";
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
* 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ақ қант (СЭҚТН коды 170199) кедендік әкелу бажынан босатылмайды;
** 2019 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда орналасқан;
*** 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың жол маңындағы жолағында орналасқан;
**** темір кені концентраты және (немесе) шекемтастар өндірісіне ғана қатысты;
***** тас көмірді байытуға ғана қатысты;
****** студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханалар салу бойынша мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция алуға ғана қатысты;
******* мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция алуға ғана қатысты.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |