"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 120 Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 106 қаулысы

      "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 120 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 37056 ер азаматты 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы бөлу шегінде тікелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 2 февраля 2023 года № 120 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в марте – июне и сентябре – декабре 2023 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 февраля 2023 года № 106

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 2 февраля 2023 года № 120 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в марте – июне и сентябре – декабре 2023 года" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Акимам областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента в установленном законодательством порядке организовать:

      1) работу призывных комиссий и обеспечить проведение призыва в марте – июне и сентябре – декабре 2023 года граждан мужского пола в количестве 37056 человек в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва;

      2) медицинское обеспечение призывных пунктов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан организовать усиленное дежурство сотрудников органов внутренних дел в местах сбора и отправки в войска призывников.

      3. Министерству индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан обеспечить перевозку уволенных в запас военнослужащих срочной воинской службы и граждан, призванных на воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Службу государственной охраны Республики Казахстан по заявкам Министерства обороны Республики Казахстан.

      4. Министерствам обороны, внутренних дел, по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан возмещение расходов на перевозку граждан, призванных на срочную воинскую службу, а также уволенных в запас военнослужащих срочной воинской службы производить непосредственно организациям, осуществляющим перевозку, по предъявленным ими счетам в пределах ассигнований, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов