"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) қоғаммен бірлесіп (келісу бойынша) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 148 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-208-жолмен толықтырылсын:
"21-208. "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-29-жолмен толықтырылсын:
"227-29. "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 29-тармақпен толықтырылсын:
"29. "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".