Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 23 ақпандағы
№ 156 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 95 қаулысы.

      2. "Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 96 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 259 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 18 және 19-тармақтары.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 548 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары.

      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 48 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметтің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2 және 3-тармақтары.

О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 февраля 2023 года № 156.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 23 февраля 2023 года № 156

Перечень
утративших силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2018 года № 95 "Об утверждении перечня военных городков, пограничных отделений и иных закрытых объектов, в которых служебное жилище не подлежит приватизации".

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2018 года № 96 "Об утверждении перечня закрытых и обособленных военных городков, пограничных отделений и иных закрытых объектов, содержание служебных жилищ и централизованное отопление в которых обеспечиваются за счет государства".

      3. Пункты 18 и 19 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 259 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      4. Пункты 3 и 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2020 года № 548 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2012 года № 937 "Об утверждении натуральных норм снабжения мебелью и казарменным инвентарем воинских частей, учреждений и военных учебных заведений Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан".

      5. Пункты 2 и 3 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 февраля 2022 года № 48 "О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан".