Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 548 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2020 жылғы 1 қыркүйектегі
  № 548 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1."Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 3-4, 16-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 101-2-бабына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) және олардың отбасы мүшелерін Заңның 101-10-бабында айқындалған әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеруі кезеңінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әскери қызметшілерге тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап, сондай-ақ Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін алушылар тұрғын үй төлемдерін аудару және Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банк шоты;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тұрғын үй төлемдері қатаң нысаналы мақсатта болады және оны алушы Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотына аударудан басқаға пайдалана алмайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әскери қызметшілердің (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) және Заңның 101-10-бабында айқындалған олардың отбасы мүшелерінің тұрғынжайға құқығын іске асыруы олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады. Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжайға құқықты іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.";

      12-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін әскери қызметші тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянат береді. Баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін".";

      екінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша (әскери қызметшіде және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғын үйінің болуы немесе болмауы туралы) ақпарат;";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану және ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілері осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік мекеме тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянатпен өтініш жасайды.";

      34-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша ақпарат (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);";

      35-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша ақпарат (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);";

      36-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша ақпарат (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);";

      41-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімдері және есеп-қисаптар бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Әскери қызметші ауысқан кезде тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдері мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен алып тастау туралы бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығы) шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрады және тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған жағдайда әскери қызметші одан әрi әскери қызметті өткеру үшін келген мемлекеттік мекеме бөлімнің жеке құрамының тізімдеріне қосу туралы бұйрық негізінде тоқтатылған күннен бастап оларды қайта бастайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біржолғы тұрғын үй төлемін есептеу кезеңі (айлар, күндер)";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:

      9-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      Біржолғы тұрғын үй төлемін есептеу кезеңі (8-баған – 5-баған) (айлар, күндер)";

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшада:

      "Тұрғын үй комиссиясының 20 __ жылғы "__" _____ № ________ хаттамасымен 20 ____ жылғы "__" _______ тұрғын үйге мұқтаж деп танылды" деген жол алып тасталсын;

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 44-2) тармақшасына сәйкес осы әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 44-3) тармақшасына сәйкес аталған әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшада:

      "Тұрғын үй комиссиясының 20 __ жылғы "__" _____ № ________ хаттамасымен 20 ____ жылғы "__" _______ тұрғын үйге мұқтаж деп танылды" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2."Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 5-6-7, 20-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ақшалай өтемақының мөлшері алушыға, сондай-ақ жұбайына немесе зайыбына бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріліп, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің республика бойынша орташа құнын алушының өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақшалай өтемақы алушылардың отбасы мүшелері әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен шығарылған күні Заңның 101-10-бабына сәйкес айқындалады.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы) ақпарат;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) егер жұбайы (зайыбы) әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеретін немесе өткерген жағдайда жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан тұрғын үй төлемдерін алуы не алмауы туралы мәліметтері бар анықтама;";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ақшалай өтемақыны алушының жеке арнайы шотты ашуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының 47 және 48-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      3. "Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 95 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 11, 45-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі " деген бөлімде:

      "1) Астана қаласы" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1) Нұр-Сұлтан қаласы

Ақмола

№ 13 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы, Сороковая станциясы

жабық

68665

Ақмола

№ 16 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

жабық

Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті

  ";

      "3) Алматы облысы" деген кіші бөлімде:

      мына:

      "

Қапшағай

№ 2 әскери қалашық, Жетіген кенті

жабық

65229

Қапшағай

№ 1 әскери қалашық, Шеңгелді ауылы

оқшауланған

86621

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жетіген

№ 2 әскери қалашық, Жетіген кенті

жабық

65229

Шеңгелді

№ 1 әскери қалашық, Шеңгелді ауылы

оқшауланған

86621

  ";

      "5) Жамбыл облысы" деген кіші бөлімде:

      мына:

      "

Тараз

№ 2 әскери қалашық, Королев ауылы

оқшауланған

28349

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Тараз

№ 2 әскери қалашық, Жібек жолы ауылы

оқшауланған

28349

  ";

      "8) Оңтүстік Қазақстан облысы" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8) Түркістан облысы

Арыс

№ 2 әскери қалашық, Арыс қаласы

оқшауланған

44859

Шымкент

№ 7 әскери қалашық, Сарыағаш ауданы, Жібек Жолы кенті

оқшауланған

32039

  ";

      мынадай мазмұндағы "9) Шымкент қаласы" деген кіші бөліммен толықтырылсын:

      "

9) Шымкент қаласы

Шымкент

№ 11 әскери қалашық, Шымкент қаласы

жабық

35748

  ";

      "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы

1) "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы" кіші бөлімі


Нөмірсіз әскери қалашық, Алматы қаласы, Бостандық ауданы

жабық

5571


Нөмірсіз әскери қалашық, Алматы қаласы, Әуезов ауданы

жабық

7552


Нөмірсіз әскери қалашық, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы

жабық

28237

2) "Орталық" өңірлік қолбасшылығы


Нөмірсіз әскери қалашық, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

жабық

5510


Нөмірсіз әскери қалашық, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы

жабық

52859

3) "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы


Нөмірсіз әскери қалашық, Павлодар облысы, Павлодар қаласы

жабық

5512

4) "Батыс" өңірлік қолбасшылығы


Нөмірсіз әскери қалашық, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

жабық

5517


Нөмірсіз әскери қалашық, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

жабық

5548


Нөмірсіз әскери қалашық, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

жабық

3502

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының
орталық бағыныстағы әскери бөлімдері


Нөмірсіз әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Үркер шағын ауданы

жабық

5573


Нөмірсіз әскери қалашық, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер кенті

оқшауланған

6654


Нөмірсіз әскери қалашық, Алматы облысы, Іле ауданы, Заречный кенті

оқшауланған

5574


Нөмірсіз әскери қалашық, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

жабық

әскери институт

  ".

      4. "Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы2 наурыздағы № 96 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 11, 46-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі": деген бөлімде

      "1) Астана қаласы деген" кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1) Нұр-Сұлтан қаласы

Ақмола

№ 13 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы, Сороковая станциясы

жабық

68665

Ақмола

№ 16 әскери қалашық,
Нұр-Сұлтан қаласы

жабық

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті

  ";

      "3) Алматы облысы деген" кіші бөлімде:

      мына:

      "

Қапшағай

№ 1 әскери қалашық, Шеңгелді ауылы

оқшауланған

86621,54179

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Шеңгелді

№ 1 әскери қалашық, Шеңгелді ауылы

оқшауланған

86621,54179

  ";

      "5) Жамбыл облысы деген" кіші бөлімде:

      мына:

      "

Тараз

№ 2 әскери қалашық, Королев ауылы

оқшауланған

28349

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Тараз

№ 2 әскери қалашық, Жібек Жолы ауылы

оқшауланған

28349

  ";

      "7) Қарағанды облысы" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қарағанды облысы";

      "8) Маңғыстау облысы" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Маңғыстау облысы";

      "9) Оңтүстік-Қазақстан облысы" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8) Түркістан облысы

Арыс

№ 2 әскери қалашық, Арыс қаласы

оқшауланған

44859

Шымкент

№ 7 әскери қалашық, Сарыағаш ауданы, Жібек Жолы ауылы

 
оқшауланған

32039

  ";

      мынадай мазмұндағы 9) кіші бөліммен толықтырылсын:

      "

9) Шымкент қаласы

Шымкент

№ 11 әскери қалашық, Шымкент қаласы

жабық

35748

  ";

      "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы

1)"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы


Нөмірсіз әскери қалашық,Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы

жабық

28237

2)"Орталық" өңірлік қолбасшылығы


Нөмірсіз әскери қалашық,
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

 
жабық

5510


Нөмірсіз әскери қалашық, Қарағанды облысы Қарағанды қаласы

 
жабық

52859

3)"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы


Нөмірсіз әскери қалашық,Павлодар облысы, Павлодар қаласы

жабық

5512

4)"Батыс" өңірлік қолбасшылығы


Нөмірсіз әскери қалашық, Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы

 
жабық

5548


Нөмірсіз әскери қалашық, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 
жабық

3502

5)Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталық бағыныстағы әскери бөлімдері


Нөмірсіз әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

жабық

5573


Нөмірсіз әскери қалашық, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер кенті

оқшауланған

6654


Нөмірсіз әскери қалашық,
Алматы облысы, Іле ауданы, Заречный кенті

оқшауланған

5574


Нөмірсіз әскери қалашық,Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Жабық

әскери институт

  ".
  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2020 жылғы 1 қыркүйектегі
  № 548 қаулысына
  қосымша
  Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына
  10-қосымша

Тұрғын үй төлемдері туралы
ШАРТ

       Бұдан әрі "банк" деп аталатын _________________банкінің атынан ______________ негізінде әрекет ететін ____________________, бұдан әрі "мемлекеттік мекеме" деп аталатын "____________________"мемлекеттік мекемесінің атынан ________________негізінде әрекет ететін _____________________ және бұдан әрі "алушы" деп аталатын, _______жылғы "___" ____________берген №____ жеке куәліктің негізінде әрекет ететін алушы ______________, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы "__"______ №___ қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары негізінде төмендегі туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай беру орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін өңірлер мен отбасы құрамы бойынша сараланған ақша. Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұрады;

      2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әскери қызметшілерге ай сайынғы негізде, сондай-ақ Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;

      3) біржолғы тұрғын үй төлемдері – Заңның 101-2-бабының 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 101-9-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін біржолғы сипаттағы төлемдер.

2. Шарттың мәні

      2.1. Алушы анықтаманы (Қағидаларға 8 және 9-қосымшалар), мемлекеттік мекеме мен алушы қол қойған шартты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін банк алушының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан тұрғын үй төлемдерін алуы үшін алушыға теңгеде дербес арнайы ағымдағы банк шотын (бұдан әрі – шот) ашады.

      2.2. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдері ретінде көзделген ақшаны банкте ашылған алушының шотына аударады.

      2.3. Алушы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдаланады.

      2.4. Банк алушының шотындағы тұрғын үй төлемдерін аударуды оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады. Төлем құжатында Заңның 101-5-бабында көзделген оларды пайдалану мақсаттары көрсетіледі.

      2.5. Шотты ашуды, жабуды, жүргізуді, сондай-ақ шот бойынша операциялар жүргізуді "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына, Қағидаларға, банктің ішкі құжаттарына және шартқа сәйкес банк, мемлекеттік мекеме және алушы жүзеге асырады.

3. Шотты жүргізу

      3.1. Банк шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банк қызметтерін көрсетеді:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан қолма-қол ақшасыз төлем арқылы түсетін теңгедегі тұрғын үй төлемдерін шотқа аударады;

      2) осы шарттың 2.4-тармағына сәйкес шоттан ақша аударымдарын жүзеге асырады;

      3) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес шот бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүргізеді;

      4) алушының жазбаша келісімімен мемлекеттік мекемеге оның талап етуі бойынша, сондай-ақ алушыға шоттағы ақша қалдығы және/немесе ақшаның шот бойынша қозғалысы туралы анықтамалар береді;

      5) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтаруды жүргізеді.

      Банк шот бойынша осы тармақта көрсетілмеген операцияларды жүргізбейді.

      3.2. Банк шоттан қолма-қол ақша бермейді.

      3.3. Шотты ашу, қызмет көрсету және ол бойынша жүргізілетін операциялар үшін комиссияларды осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындарын қоспағанда, төлеу күні қолданылатын банк тарифтеріне сәйкес банк кассасына төлеу арқылы алушы дербес төлейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындары мемлекеттік мекеменің есебінен банктің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4.1. Мемлекеттік мекеме Қағидаларға және осы шартқа сәйкес алушының шотына тұрғын үй төлемдерін аударуға міндеттенеді.

      4.2. Мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіппен кері қайтаруға құқылы.

      4.3. Алушы:

      1) тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жұмсауға;

      2) отбасы құрамы өзгерген кезде ол туралы азаматтық хал актілері тіркелген және әділет органдарында тиісті куәлік алған күннен бастап 10 (он) күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемені хабардар етуге;

      3) тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан, сондай-ақ Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алғаны үшін ақы төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде бұл туралы тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемені хабардар етуге;

      4) шоттан ақша алушымен шарт бұзылған жағдайда мақсаты бойынша пайдаланылмаған ақшаны шотқа қайтару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      4.4. Алушы:

      1) шотта пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын жинақтауға;

      2) әскери қызмет өткеретін орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін олардың мақсаты бойынша пайдалануға;

      3) мемлекеттік мекеме мен банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын осы шартқа қосымша келісім жасау арқылы бір банктен басқасына аударуға құқылы.

      4.5. Банк алушының операциялары бойынша құпиялылыққа кепілдік береді.

      4.6. Осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес алушы банкке алушының қосымша келісімінсіз (акцептсіз) мемлекеттік мекеме заңсыз немесе артық аударған ақшаны есептен шығаруға құқық береді.

      4.7. Алушы өз деректемелерінің (паспорттық деректері, ЖСН, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, e-mail электрондық мекенжайы, факс нөмірі және банкке жолданған құжаттарда қамтылған басқа да мәліметтер) өзгеруі туралы олар өзгерген сәттен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей банкке жазбаша хабарлауға міндеттенеді.

5. Есеп айырысу тәртібі

      5.1. Тұрғын үй төлемдеріне арналған шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір алушы өзі ашады және оған дербес қызмет көрсетіледі.

6. Дауларды шешу тәртібі

      6.1. Осы шарт бойынша тараптар арасында туындаған барлық даулар келіссөздер жүргізу арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде шешіледі.

      6.2. Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы келісімге қол жеткізбеген кезде даулар мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.

7. Қосымша шарттар

      7.1. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда жарамды.

      7.2. Осы шарт тек Тараптардың келісімімен ғана бұзылуы мүмкін.

      7.3. Осы шарт Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

      7.4. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден заңды күші бірдей үш данада жасалды.

      7.5. Осы шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

      7.6. Осы шарттың талаптары құпия болып табылады.

8. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершілікті алып тастау

      8.1. Тараптар осы шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Тараптардың келісімінсіз мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.

      8.2. Кез келген жағдайларда шарттың талаптары бұзылған кезде банктің жауапкершілігі банктің заңсыз әрекеттерімен/әрекетсіздігімен алушыға келтірілген нақты залалдың мөлшерімен шектеледі.

      8.3. Алушы шот бойынша үзіндіде көрсетілген шот бойынша операцияларды даулау туралы өтінішті банкке осындай операция жүргізілген факті туралы оған белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беруге құқылы.

9. Алушының, мемлекеттік мекеменің және Банктің тұрғын үй төлемдері бойынша төлемдерді аудару кезінде қателер анықталған жағдайдағы іс-қимылдарының тәртібі

      9.1. Алушы шоттағы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәліметтерді алған кезде төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомаларының болмауын анықтап, мемлекеттік мекеменің басшысына тиісті мәліметтер алу және жол берілген қателерді түзетуге шаралар қабылдау үшін қателерді (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемдері) (бұдан әрі – қате аударылған) анықтағаны және оған кез келген уақыт үшін банкке тұрғын үй төлемдерін аударғаны туралы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдерінен өзіне қатысты үзінділерді ұсынғаны туралы жазбаша өтініш жолдайды.

      9.2. Мемлекеттік мекеме қателерді анықтаған немесе тұрғын үй төлемдерінің сомасын аудару кезінде жол берілген қателер анықталғаны туралы алушының жазбаша өтінішін алған жағдайда мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзетеді. Тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішпен банкке жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішке қате аударылған тұрғын үй төлемдерін алған алушының оның шотынан қате аударылған сомаларды есептен шығаруға келіскені туралы өтініші қоса беріледі.

      9.3. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын қайтаруға өтініште мыналар көрсетіледі: мемлекеттік мекеменің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банктің сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қатеге жол берілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ шотынан қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар. Өтінішке мемлекеттік мекеменің басшысы, оның қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтері) қол қоюға және мөрмен расталуға тиіс.

      9.4. Мемлекеттік мекеменің қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға өтініші түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап операциялық он күн ішінде:

      1) мемлекеттік мекеменің хатында көрсетілген қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсу фактісін тексереді;

      2) расталған қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсімдері бойынша қайтарудың болмауы фактісін тексереді;

      3) бенефициардың, оның шотына қате түскен ақшаны банктің есептен шығаруына келісімінің бар болуын тексереді;

      4) қате аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерді негіздеумен оны қайтару мүмкін емес екені туралы хабарлайды.

      9.5. Мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қатеге жол берген жағдайда банк "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол берілген қателерді реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

      9.6. Алушының шотында қаражат болмаған жағдайда алушы кейіннен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің кассасына қалпына келтіреді.

      Бұл ретте заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін комиссияны алушы төленетін күні қолданылатын банк тарифтеріне сәйкес төлейді.

      9.7. Алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтарудан бас тартқан жағдайда өтеу сот тәртібімен жүргізіледі.

10. Әртүрлі

      10.1. Шоттың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

      10.2. Шартқа сәйкес Шарт шот жабылғанға дейін жарамды болады.

      10.3. Шотты жабу Тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі.

      10.4. Алушы банктің мемлекеттік мекемеге шот нөмірі, шот бойынша ақшаның қозғалысы, шотты жабу туралы ақпаратты және шартта көзделген тәртіппен және талаптар бойынша өзге де мәліметтерді беруіне өз келісімін береді.

11. Шартты өзгерту тәртібі

      11.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.

12. Форс-мажор

      12.1. Егер осы орындамау болжанбаған жағдайлар, атап айтқанда: осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен қауіпті табиғи құбылыстар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, соғыс іс-қимылдары салдарынан болса, Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады.

13. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері

Мемлекеттік мекеме:
_________________________
(толық атауы)
_________________________
(мекенжайы)
_________________________
(телефоны)
_________________________
(Т.А.Ә.)
_________________________
(қолы)
_________________________
20__жылғы"___"__________
_________________________
М.О. ____________________

Банк:
_________________________
(толық атауы)
_________________________
(мекенжайы)
_________________________
(телефоны)
_________________________
(Т.А.Ә.)
_________________________
(қолы)
_________________________
20__жылғы "___"_________
_________________________
М.О._____________________

Алушы:
________________________
(Т.А.Ә.) (толық)
________________________
________________________
(мекенжайы)
________________________
________________________
(телефоны)
________________________
(қолы)
________________________
20__жылғы "___"_______
________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады