Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;
2) бюджеттік кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;
3) бюджеттік кредитті мақсатты және тиімді пайдалануды, уақтылы өтеуді және оған қызмет көрсетуді бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне бюджеттік кредитті игеруі туралы ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 314 қаулысымен бекітілген |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1) бюджеттік кредит "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 050 "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша 162 600 000 000 (жүз алпыс екі миллиард алты жүз миллион) теңге сомасында беріледі;
2) бюджеттік кредит қарыз алушыға жылдық 0,05 %-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30 (отыз) жыл мерзімге мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында теңгемен беріледі;
3) республикалық бюджеттен бюджеттік кредитті бөлу бюджеттік кредиттің барлық сомасын қарыз алушының шотына біржолғы аудару арқылы жүзеге асырылады;
4) игеру кезеңі бюджеттік кредит қарыз алушының шотына аударылған күннен бастап 1 (бір) жылды құрайды;
5) бюджеттік кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 1 (бір) рет жүзеге асырылады;
6) бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 10 (он) жылды құрайтын жеңілдікті кезең өткеннен кейін тең үлестермен жүзеге асырады.
2. Бюджеттік кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шарттарда белгіленеді.