"Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру қағидалары, олардың түрлері бекітілсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № қаулысымен бекітілген |
Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру қағидалары, олардың түрлері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру қағидалары, олардың түрлері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабына сәйкес әзірленді және қылмыстық процеске қатысушы адамдарға (бұдан әрі – қорғалатын адамдар) жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру тәртібін, олардың түрлерін айқындайды.
2. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар қорғалатын адамдарға өзін-өзі қорғау және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс құралдарын, сондай-ақ оларға қатысты болуы мүмкін құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды тіркеу және қауіптілік туралы хабарлау үшін техникалық құралдарды қауіпсіздік шараларын қолдануға негіз болған нақты мән-жайларды ескере отырып береді.
3. Қорғалатын адамды жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарымен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету Заңның 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар белгіленген тәртіппен жасайтын шарттың негізінде жүзеге асырылатын жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасының бірі болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру тәртібі
4. Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органның қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдары және техникалық құралдар қорғалатын адамға қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қаулы шығарған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде беріледі.
5. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс құралдарын, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру кезінде қорғалатын адамға оларды пайдалану және сақтау жөнінде нұсқама және оқыту жүргізеді.
6. Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдары мен техникалық құралдар қорғалатын адамға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі.
7. Қорғалатын адам қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органмен жасалатын қауіпсіздік шараларын қолдану шарттары туралы шартқа сәйкес берілген жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарының және техникалық құралдардың бүтіндігі мен сақталуына дербес жауаптылықта болады.
8. Қауіпсіздік шаралары тоқтатылған кезде қорғалатын адамға берілетін жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдары мен техникалық құралдар жиырма төрт сағат ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес акт бойынша қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органға қайтарылады.
3-тарау. Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарының және техникалық құралдардың түрлері
9. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қорғалатын адамға:
1) жеке қорғану құралдарын – броньды кеудеше; қорғаныш, оққа төзімді дулыға; тыныс алу және көру мүшелерін жеке қорғау құралдары;
2) өзін-өзі қорғау құралдарын – электрлік қару; көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольды құрылғылар;
3) байланыс құралдарын – радиостанция; спутниктік, ұялы телефондар;
4) құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды тіркеудің техникалық құралдарын – ықшам диктофон; алып жүретін бейнетіркегіш;
5) қауіптілік туралы хабарлаудың техникалық құралдарын – спутниктік трекинг және мониторинг жүйелері (GPS); дабыл сигналын жасырын беруге арналған алып жүретін құрылғы; ұялы телефонға арналған мобильді қосымшалар береді.
10. Қажет болған кезде қорғалатын адам бір немесе бірнеше жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарымен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру қағидаларына, олардың түрлеріне 1-қосымша |
20___ жылғы "____"____________ (жасалған күні) | ________________ (қала, елді мекен) |
Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды қабылдау-тапсыру актісі
"Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 15-бабында көзделген жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету
шарасын таңдап алу туралы қаулының негізінде қорғалатын адамға
______________________________________________________ беріледі.
(мүліктің түрі, сериялық/түгендеу нөмірі)
___________________________ техникалық жай-күйі бекітілген сипаттамаларға сай
келеді, құралды қабылдап алу кезінде ақаулар анықталған жоқ.
Берілген ________ пайдалану туралы нұсқамадан өттім, пайдалану тәсілдерін үйрендім.
________________________ |
________________ |
____________ |
Мүлікті берді: |
________________ |
____________ |
Мүлікті қабылдады: |
________________ |
____________ |
Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру қағидаларына, олардың түрлеріне 2-қосымша |
20___ жылғы "____"____________ |
________________ |
Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды қайтару актісі
"Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жеке
қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын тоқтату туралы қаулының негізінде
қорғалатын адам өзіне 20__ жылғы "___"________ жеке қорғану, өзін-өзі қорғау,
байланыс, қауіптілік туралы хабарландыру құралдарын және техникалық құралдарды
қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес уақытша пайдалануға берілген:
__________________________________________________________________________
(мүліктің түрі, сериялық/түгендеу нөмірі)
қайтарады.
Қайтарылатын мүліктің жай-күйі және техникалық жарамдылығы, сондай-ақ
ақаулардың бар-жоғы туралы белгі:____________________________
Мүлікті берді: |
________________ |
____________ |
Мүлікті қабылдады: |
________________ |
____________ |