Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1994 жылғы 8 ақпанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі және Беларусь Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкі арасында 1994 жылы есеп айырысуды ұйымдастыру туралы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің 11-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Беларусь Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлама жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |