Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі және Беларусь Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкі арасында 1994 жылы есеп айырысуды ұйымдастыру туралы келісімнің күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 465 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1994 жылғы 8 ақпанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі және Беларусь Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкі арасында 1994 жылы есеп айырысуды ұйымдастыру туралы келісімнің күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің 11-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Беларусь Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлама жіберсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады