Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Ақтөбе қорғаныш екпе ағаштары дистанциясы" филиалының (бұдан әрі – мекемелер) орман қоры жерлерінен жалпы ауданы 0,627 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің республикалық маңызы бар "Подстепный – Федоровка – РФ шекарасы" автомобиль жолының 0-144 километріндегі жолды салу үшін "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Комитет) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 467 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы | Жалпы ауданы, гектар | оның ішінде: | ||
---|---|---|---|---|
орман көмкерген | орман көмкермеген | басқа жерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 0,357 | 0,147 | 0,21 | - |
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Ақтөбе қорғаныш екпе ағаштары дистанциясы" филиалы | 0,27 | 0,2 | - | 0,07 |
Барлығы: | 0,627 | 0,347 | 0,21 | 0,07 |