Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 467 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Ақтөбе қорғаныш екпе ағаштары дистанциясы" филиалының (бұдан әрі – мекемелер) орман қоры жерлерінен жалпы ауданы 0,627 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің республикалық маңызы бар "Подстепный – Федоровка – РФ шекарасы" автомобиль жолының 0-144 километріндегі жолды салу үшін "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Комитет) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 467 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы Жалпы ауданы, гектар оның ішінде:
орман көмкерген орман көмкермеген басқа жерлер
1 2 3 4 5

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

0,357

0,147

0,21

-

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Ақтөбе қорғаныш екпе ағаштары дистанциясы" филиалы

0,27

0,2

-

0,07

Барлығы:

0,627

0,347

0,21

0,07


О переводе отдельных участков земель лесного фонда в земли другой категории

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2023 года № 467.

      В соответствии со статьей 130 Земельного кодекса Республики Казахстан и статьей 51 Лесного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Перевести земельные участки общей площадью 0,627 гектара из категории земель лесного фонда "Уральского коммунального государственного учреждения по охране лесов и животного мира" управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Западно-Казахстанской области и филиала акционерного общества "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" – "Актобинская дистанция защитных лесонасаждений" (далее – учреждения) в категорию земель промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Акиму Западно-Казахстанской области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить предоставление республиканскому государственному учреждению "Комитет автомобильных дорог Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан" (далее – Комитет) земельных участков, указанных в пункте 1 настоящего постановления, для строительства автомобильной дороги республиканского значения "Подстепное-Федоровка-граница РФ" км 0-144.

      3. Комитету в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан возместить в доход республиканского бюджета потери и убытки лесохозяйственного производства, вызванные изъятием лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного хозяйства, и принять меры по расчистке площади с передачей полученной древесины на баланс указанных учреждений.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 14 июня 2023 года № 467

Экспликация земель,
переводимых из категории земель лесного фонда в категорию земель промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения

Наименование землепользователя

Общая площадь, гектаров

в том числе:

Покрытая лесом

не покрытая лесом

Прочие земли

1

2

3

4

5

"Уральское коммунальное государственное учреждение по охране лесов и животного мира" управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Западно-Казахстанской области

0,357

0,147

0,21

-

Филиал акционерного общества "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" – "Актобинская дистанция защитных лесонасаждений"

0,27

0,2

-

0,07

Всего:

0,627

0,347

0,21

0,07