Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда әлеуметтік аударымдардың, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың, инвестициялық кірістің Қор шотына келіп түскен сомаларының 0,70 пайызынан асырмай белгіленсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |