"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 475 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда әлеуметтік аударымдардың, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың, инвестициялық кірістің Қор шотына келіп түскен сомаларының 0,70 пайызынан асырмай белгіленсін.

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады