ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 412 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 487 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар медициналық лауазымдары қысқартылған адамдарға қолданылады, бұл ретте қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастыруы шарт.
2-тарау. Медициналық лауазымдары қысқартылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін сақтау тәртібі
3. Медициналық лауазымдары қысқартылған адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш негізінде басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның тиісті бұйрығын шығару арқылы лауазымы қысқартылған күнге соңғы қызмет өткерген жеріндегі ішкі істер органдарында міндетті түрде тіркелуге тиіс, бұл бұйрықта қызметкердің тегі, аты, әкесінің атын (бар болса), ішкі істер органдарындағы қысқартылатын лауазымы, ақшалай қамтылымы, арнаулы атағы, ішкі істер органдарындағы қысқартылған кезі еңбек сіңірген жылдары міндетті түрде көрсетіледі.
Кадр қызметтері басшының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде тіркеу туралы анықтаманы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес он жұмыс күні ішінде екі данада (біреуі медициналық лауазымы қысқартылған адамға қолы қойғызылып беріледі, екіншісі оның жеке ісіне беріледі) толтырады.
4. Медициналық лауазымдары қысқартылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері жалпы еңбек өтілі жиырма бес жыл және одан көп болғанда, оның кемінде он екі жыл алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрағанда және штат қысқартылғанда, не денсаулық жағдайы салдарынан, не бекітілген арнаулы атағы бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған кезде жұмыстан шығарылғанда тағайындалады.
5. Еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ескерілетін ақшалай қамтылымның мөлшері соңғы жұмыс орнындағы тиісті қаржы қызметінің белгіленген үлгідегі ақша аттестатымен расталады.
6. Медициналық лауазымдары қысқартылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау құқығы кадр қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдардың лауазымдары болып табылмайтын кез келген басқа лауазымдарға ауыстырылған жағдайларда жойылады.
Өтініш
Кімнен____________________________________________________________________
(арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(лауазымы)
тұратын мекенжайы:________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Мені "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы
1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес (штаттардың қысқаруына немесе құқық қорғау
органының қайта ұйымдастырылуына байланысты басқа лауазымда пайдалану
мүмкіндігі болмаған жағдайда) ішкі істер органдарынан шығаруыңызды және
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 212-бабының 3-тармағына сәйкес
зейнетақымен қамсыздандыруды сақтай отырып, ішкі істер органдарындағы
медициналық лауазымы 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап
қысқартылған адам ретінде тіркеуіңізді сұраймын.
Ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған адамдар үшін көзделген еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқық кадр қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу
изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдардың лауазымдары
болып табылмайтын кез келген басқа лауазымдарға ауысқан жағдайда жойылатыны
туралы хабардармын.
Өтініш берушінің қолы __________ 20______ жылғы "__" ___________
Өтініш 20_____ жылғы "__" ________________________ қабылданды.
Өтінішті қабылдаған органның кадр қызметінің басшысы:
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларды тіркеу туралы анықтама
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның, бөліністің атауы) ____________________________берді.
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)________________________________
____________________________________________________________________
2. Ішкі істер органдарындағы лауазымы қысқартылған кездегі арнаулы атағы
____________________________________________________________________
3. Ішкі істер органдарындағы лауазымы қысқартылған күні ішкі істер органдары
қызметкерінің атқарған лауазымы _____________________________
____________________________________________________________________
4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығын сақтай отырып,
қызметтен шығару туралы 20 жылғы "___" _______ № ______ бұйрық.
Мөр орны Ішкі істер органының кадр
қызметінің басшысы