Ескерту. Осы қаулының 3-тармағына сәйкес 01.01.2024 дейін қолданыста болды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығының 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |