Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 552 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 552 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысы.

      2. "Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысы.

      3. "Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдері мен "Ықтимал жер сілкіністері аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 44-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 20-тармағы.

      5. "Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және "Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысының 2-тармағы.

      6. "Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1089 қаулысы.

О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 552.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 11 июля 2023 года № 552

Перечень
утративших силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2014 года № 1017 "Об утверждении перечня организаций и объектов, на которых в обязательном порядке создается негосударственная противопожарная служба".

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2014 года № 1126 "Об утверждении Правил использования для спасения людей и, в случае крайней необходимости, средств связи, транспорта, имущества и иных материальных средств организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций".

      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2014 года № 1423 "Об утверждении норм минимального жизнеобеспечения населения, находящегося в зоне чрезвычайной ситуации".

      4. Пункт 20 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 173 "О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 44-р "О порядке организации и проведения спасательных и других неотложных работ в зонах возможных землетрясений".

      5. Пункт 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2016 года № 79 "Об утверждении перечня государственных предприятий учреждений уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, у которых приобретаются производимые, выполняемые, оказываемые ими товары, работы, услуги, а также перечня и объемов товаров, работ, услуг, приобретаемых у производящих, выполняющих, оказывающих их государственных предприятий учреждений уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2014 года № 1423 "Об утверждении норм минимального жизнеобеспечения населения, находящегося в зоне чрезвычайной ситуации".

      6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2022 года № 1089 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2014 года № 1017 "Об утверждении перечня организаций и объектов, на которых в обязательном порядке создается негосударственная противопожарная служба".