Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 552 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 552 қаулысымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 48) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. "Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 875 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 35, 357-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 1126 қаулысымен
бекітілген

Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше
жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын,
мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану
қағидалары

      1. Осы Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 48) тармақшасына сәйкес әзірленген және құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды.

      Байланыс құралдары, көлік, мүлік және өзге де материалдық құралдар іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда ғана пайдаланылады.

      2. Аса қажеттілік жағдайлары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер төнген кезде басталады.

      3. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануды тұрақты штаттық негізде немесе ерікті бастамамен құрылатын авариялық-құтқару қызметтері мен авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушылары жүзеге асырады.

      Құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануы және қайтару мерзімі туралы шешімді төтенше жағдайларды жою басшысы қабылдайды және бұйрықтармен (өкімдермен) ресімделеді.

      4. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде құтқарушылар төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың басшыларынан байланыс құралдарын, көлікті, мүлікті және өзге де материалдық құралдарды қабылдап алады.

      5. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану осы ұйымдар қызметінің бұзылуына әкеп соқтырмауы тиіс.

      6. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану үшін құтқарушылар ұйымдардың адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда қажетті байланыс құралдарының, көліктің, мүліктің және өзге де материалдық құралдарының тізбесін айқындайды.

      7. Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының басшысы ұйым басшысымен бірлесіп осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес қабылдап алу актісін, ал авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдаланылған мүлікті беру актісін екі данада жасайды.

  Адамдарды құтқару үшін және аса
қажет болған жағдайда төтенше
жағдайлар аймағындағы ұйымдардың
байланыс, көлік құралдарын, мүлкі
мен өзге де материалдық құралдарын
пайдалану қағидаларына
1-қосымша

      Бекітемін

      Төтенше жағдайларды жою басшысы

      ________________________________

      20____ ж. _____ ________________

Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда
материалдық құралдарды қабылдап алу актісі

      Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының

      басшысы _____________________________________________________________

      Ұйым басшысы ________________________________________________________

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес _______________________________________

      ұйымынан адамдарды құтқару жұмыстарын орындау уақытына мынадай

      материалдық құралдар:

      байланыс құралдары __________________________________________________

      көлік _______________________________________________________________

      мүлік _______________________________________________________________

      өзге материалдық құралдар ___________________________________________

      қабылдап алғаны туралы осы актіні жасасты.

      Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі _________________________

      Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының

      басшысы _____________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

      Ұйым басшысы ________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

  Адамдарды құтқару үшін және аса
қажет болған жағдайда төтенше
жағдайлар аймағындағы ұйымдардың
байланыс, көлік құралдарын, мүлкі
мен өзге де материалдық құралдарын
пайдалану қағидаларына
2-қосымша

      Бекітемін

      Төтенше жағдайларды жою басшысы

      ________________________________

      20____ ж. _____ ________________

Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда
материалдық құралдарды қайтарып беру актісі

      Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының

      басшысы _____________________________________________________________

      Ұйым басшысы ________________________________________________________

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес _______________________________________

      ұйымына адамдарды құтқару жұмыстарын орындау уақытына пайдаланылған

      мынадай материалдық құралдар:

      байланыс құралдары __________________________________________________

      көлік _______________________________________________________________

      мүлік _______________________________________________________________

      өзге материалдық құралдар ___________________________________________

      қайтарылатыны туралы осы актіні жасасты.

      Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі _________________________

      Материалдық-құтқару қызметі немесе авариялық-құтқару құралымының

      басшысы _____________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

      Ұйым басшысы ________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады