Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдерін, қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен, сондай-ақ көрсетілген қаулымен бекітілген көлік құралдарының санаттарынан босатудың қағидаларында, шарттарында және мерзімдерінде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілерінің (импорттаушыларының) кеңейтілген міндеттемелерінен босата отырып, оларды бастапқы тіркегені үшін 200000 теңге мөлшеріндегі алым мөлшерлемесін қолдану үшін өтініштер қабылдау осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мерзім ішінде берілген өтініштер осы Қағидаларға сәйкес көлік құралдарын кейіннен бастапқы мемлекеттік тіркеу мерзімдеріне қарамастан қаралады.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |