"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 273 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қор жеке (шоғырландырылмаған) аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қоғамдық қор үшін жыл сайын қордың таза кірісінің кемінде 7 (жеті) пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |