"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 591 қаулысы

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 273 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қор жеке (шоғырландырылмаған) аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қоғамдық қор үшін жыл сайын қордың таза кірісінің кемінде 7 (жеті) пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады