Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1996 жылғы 17 қаңтарда Минскіде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Беларусь Республикасының Үкіметі, Беларусь Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы қазақстандық теңге мен Беларусь рублінің өзара өтімділігі мен бағамдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің күшін жою ниеті туралы Беларусь Республикасының Үкіметін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі` |
Ә. Смайылов |