Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Беларусь Республикасының Үкіметі, Беларусь Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы қазақстандық теңге мен Беларусь рублінің өзара өтімділігі мен бағамдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімнің күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 609 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1996 жылғы 17 қаңтарда Минскіде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Беларусь Республикасының Үкіметі, Беларусь Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы қазақстандық теңге мен Беларусь рублінің өзара өтімділігі мен бағамдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімнің күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің күшін жою ниеті туралы Беларусь Республикасының Үкіметін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі`
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады