"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Жарғысының 49-тармағының 15-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының консультациялық, инжинирингтік және басқарушылық көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ операциялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметті "DB Engineering & Consulting GmbH" компаниясынан сатып алуын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |