2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеу қағидаларын бекіту және "2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 940 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 706 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 768 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 212-бабының 11-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 940 "2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 706 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасы.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 768 қаулысымен
  бекітілген

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 212-бабының 11-бөлігіне сәйкес әзірленді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтарған кезде толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.

      3. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері) бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтарған кезде толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеледі.

      4. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда жеке зейнетақы шотында қалған, бюджет қаражаты есебінен қалыптастырылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатады.

2-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін қайта есептеу тәртібі

      5. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы еңбек сіңірген жылдары үшін толық емес көлемде зейнетақы төлемдерін алушыларға (бұдан әрі – алушылар) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысында (бұдан әрі – Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидалары) айқындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      6. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері Кодекстің 213-бабына сәйкес алушының зейнеткерлік ісіндегі құжаттар бойынша оның қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне еңбек сіңірген жылдары, еңбек өтілі, ақшалай қамтылымы ескеріле отырып қайта есептеледі.

      7. Қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері Кодекстің 197-бабының 3-бөлігін ескере отырып, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерін толық емес көлемде алған бүкіл кезең үшін индекстеу ескеріле отырып арттырылады.

      8. Қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшері:

      1) 2016 жылғы 1 қаңтарға зейнеткерлік іс деректері бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

      Егер осы Қағидалардың шарттарында қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен төмен болса, зейнетақы төлемдерінің 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мөлшері сақталады;

      2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 109 еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық болмауға тиіс.

      9. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасы 50 пайызының жеке зейнетақы шотынан есептен шығарылғаны туралы растау анықтамасы (бұдан әрі – анықтама) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      10. Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар анықтаманы алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес 1-ВС-нысаны бойынша зейнеткерлік iстен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің өзгергені туралы үзінді көшірмені береді.

Об утверждении Правил перерасчета пенсионных выплат за выслугу лет, назначенных до 1 января 2016 года в неполном объеме, с учетом их доведения до полного объема и признании утратившими силу постановления Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 940 "Об утверждении Правил перерасчета пенсионных выплат за выслугу лет, назначенных до 1 января 2016 года в неполном объеме, с учетом их доведения до полного объема" и подпункта 3) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2016 года № 706 "О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2023 года № 768.

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 3.

      В соответствии с частью 11 статьи 212 Социального кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила перерасчета пенсионных выплат за выслугу лет, назначенных до 1 января 2016 года в неполном объеме, с учетом их доведения до полного объема.

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 940 "Об утверждении Правил перерасчета пенсионных выплат за выслугу лет, назначенных до 1 января 2016 года в неполном объеме, с учетом их доведения до полного объема";

      2) подпункт 3) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2016 года № 706 "О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июля 2023 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 5 сентября 2023 года № 768

Правила перерасчета пенсионных выплат за выслугу лет, назначенных до 1 января 2016 года в неполном объеме, с учетом их доведения до полного объема

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перерасчета пенсионных выплат за выслугу лет, назначенных до 1 января 2016 года в неполном объеме, с учетом их доведения до полного объема (далее – Правила) разработаны в соответствии с частью 11 статьи 212 Социального кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок проведения перерасчета размеров пенсионных выплат за выслугу лет, назначенных до 1 января 2016 года в неполном объеме, с учетом их доведения до полного объема при возврате 50 процентов от сумм обязательных пенсионных взносов, перечисленных за счет бюджетных средств.

      2. Для целей настоящих Правил используются следующие понятия:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений и выдаче их результатов услуг получателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) единый накопительный пенсионный фонд – юридическое лицо, осуществляющее деятельность по привлечению пенсионных взносов и пенсионным выплатам, а также иные функции, определенные Кодексом.

      3. Пенсионные выплаты за выслугу лет (далее – пенсионные выплаты за выслугу лет), назначенные до 1 января 2016 года в неполном объеме, перерасчитываются с учетом их доведения до полного объема при возврате 50 процентов от суммы обязательных пенсионных взносов, перечисленных за счет бюджетных средств.

      4. В случае заключения до 1 января 2016 года договора пенсионного аннуитета военнослужащими (кроме военнослужащих срочной службы), сотрудниками специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицами, права которых иметь специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года, возврату подлежит сумма обязательных пенсионных взносов, сформированная за счет бюджетных средств, оставшаяся на индивидуальном пенсионном счете.

Глава 2. Порядок перерасчета пенсионных выплат за выслугу лет

      5. Перерасчет размеров пенсионных выплат за выслугу лет осуществляется получателям пенсионных выплат за выслугу лет в неполном объеме (далее – получатели) из числа военнослужащих, сотрудников специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лиц, права которых иметь специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года, соответствующими уполномоченными государственными органами по назначению пенсионных выплат за выслугу лет, определенными постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2023 года № 734 "Об утверждении Правил назначения и осуществления пенсионных выплат военнослужащим, сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицам, права которых иметь специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года, и лицам, медицинские должности которых сокращены в органах внутренних дел Республики Казахстан с 1 июля 2022 года и 1 января 2023 года, имевшим на момент сокращения должности выслугу лет не менее двенадцати лет и шести месяцев непрерывной воинской службы, службы в специальных государственных и правоохранительных органах, государственной фельдъегерской службе, при условии продолжения ими работы в медицинских организациях, расположенных в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (далее – Правила назначения пенсионных выплат за выслугу лет).

      6. Размеры пенсионных выплат перерасчитываются в соответствии со статьей 213 Кодекса с учетом выслуги лет, трудового стажа, денежного содержания получателя на день его увольнения со службы (исключения из списков личного состава) по документам, имеющимся в его пенсионном деле.

      7. Перерасчитанные размеры пенсионных выплат повышаются с учетом индексации за весь период получения пенсионных выплат в неполном объеме до 1 января 2016 года, учитывая часть 3 статьи 197 Кодекса.

      8. Перерасчитанные размеры пенсионных выплат не могут быть:

      1) ниже размера пенсионных выплат по данным пенсионного дела на 1 января 2016 года.

      Если размер пенсионных выплат, перерасчитанный на условиях настоящих Правил, ниже размера пенсионных выплат с 1 января 2016 года, то сохраняется размер пенсионных выплат с 1 января 2016 года;

      2) выше 109-кратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.

      9. Перерасчет размеров пенсионных выплат осуществляется с 1 января 2016 года после получения с единого накопительного пенсионного фонда справки-подтверждения о списании с индивидуального пенсионного счета 50 процентов от суммы обязательных пенсионных взносов, перечисленных за счет бюджетных средств до 1 января 2016 года в пользу военнослужащих (кроме военнослужащих срочной службы), сотрудников специальных государственных, правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лиц, права которых иметь специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года (далее – справка).

      10. Уполномоченные государственные органы по назначению пенсионных выплат в течение 7 (семь) рабочих дней со дня получения справки передают в филиалы Государственной корпорации выписку из пенсионного дела об изменении размера пенсионных выплат за выслугу лет с 1 января 2016 года по форме-1-ВС согласно приложению 3 к Правилам назначения пенсионных выплат за выслугу лет.

      __________________________________