"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, "Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "D-Personnel" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сыйға тарту шарты бойынша "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҚИҚ" АҚ) акциялар пакетін 100 (бір жүз) пайыз мөлшерде республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. "ҚИҚ" АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ПКҚ" АҚ) орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2025 № 187 қаулысымен.3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 363-1-жол алып тасталсын.
4. "ПКҚ" АҚ-мен бірге (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2025 № 187 қаулысымен.5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
Ә. Смайылов |