"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы жарғысының 49-тармағы 15-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Құрық Порты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Құрық порты акваториясының түбін тереңдету жұмыстарын (жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау, "толық аяқталған" құрылыс) "Jan De Nul Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен сатып алуын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |