Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 954 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімге қол қою туралы";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Майданұлы Сәтқалиевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.";
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімнің жобасында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісім";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Интер РАО (немесе Интер РАО тұлғалар тобына кіретін, Интер РАО өкілеттік берген ұйым, осы Келісімге қол қойылған кезден бастап (уәкілетті ұйымның атауын жазу қажет) арасында жасалған шарт (келісімшарт) бойынша электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан ауытқуының сағаттық көлемдерін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары жаппайтын электр энергиясын тұтынудың жоспарлы көлемін жабу үшін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына берілетін электр энергиясын коммерциялық негізде (уәкілетті ұйымның бағасы бойынша) сатып алу;";
4) тармақшадағы "ақы төлеу көзделетін қажетті шараларды қабылдайды." деген сөздер "ақы төлеу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) цифрлық майнерлердің қажеттіліктері үшін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына коммерциялық жеткізілімдерді жүзеге асыру бойынша, оның ішінде Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы Қазақстан БЭЖ-індегі және (немесе) оның бөліктеріндегі электр энергиясының болжамды тапшылығын жиынтығында бір ай бұрын анықтау мәселесі бойынша консультацияны жалғастыру көзделетін қажетті шараларды қабылдайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан ауытқуының сағаттық көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алуға және сатуға арналған шарттар бойынша электр энергиясының құнын есептеуде пайдаланылатын электр энергиясы мен қуатының сандық және бағалау параметрлері Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылым ұйымдарының есептік құжаттарымен расталады. Бұл ретте электр энергиясының құнында Ресей Федерациясының бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тариф және "Нарық кеңесі КеӘ" қауымдастығы байқаушы кеңесінің шешімімен Ресей Федерациясының электр энергиясы мен қуатының көтерме нарығы субъектілері үшін белгіленген баға бойынша Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылым ұйымдарының көрсетілетін қызметтерінің құны ескеріледі.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |