Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру жөніндегі кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1035 қаулысында:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |