"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын одан әрi iске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1035 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын одан әрi iске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 16, 208-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу қағидалары;

      2) Өңiрлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары бекітілсін.";

      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.12.2023 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Өңiрлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.12.2023 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1035 қаулысына
1-қосымша

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.12.2023 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1035 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 9 сәуірдегі
№ 397 қаулысымен
бекiтiлген

Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары

      1. Осы жекелеген өңiрлер (облыстың немесе оның қандай да бiр бөлiгi) аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және облыс не оның бiр бөлiгi аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзірлеу бойынша тапсырыс беруші (бұдан әрі – Тапсырыс беруші болып табылады. Тапсырыс беруші әзірлеушіні (бас жобалаушыны) айқындайды.

      3. Ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары (аудандық жоспарлау жобалары) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына және аумақты дамытудың тиісті өңіраралық схемасына (сол аумақ үшін бар болса) сәйкес әзірленеді.

      4. Ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары (аудандық жоспарлау жобалары) сол өңір аумағындағы әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-шаруашылық және табиғи-климаттық жағдайларды, оның аймаққа бөлінуін ескере отырып, мемлекеттік қала құрылысы саясатының мақсаттарын айқындайды, сондай-ақ мынадай негізгі бағыттарды белгілейді:

      1) қоныстандыру жүйесін жетілдіру;

      2) елді мекендерді, өндірістік, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту;

      3) аумақтарды табиғи және антропогендік, техногендік құбылыстар мен процестердің қауіпті (зиянды) әсерлерінен қорғау;

      4) қала құрылысы құралдарымен және әдістерімен экологиялық ахуалды жақсарту;

      5) тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) қорғалатын ландшафттық объектілерді сақтау;

      Аумақтарды пайдалануға қойылатын шектеулерді ескере отырып, аумақтардың функционалдық аймаққа бөлінуі және оларды пайдаланудың қарқындылығы айқындалады.

      Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары сол өңірдегі елді мекендердің, қала маңы аймақтарының шекараларын белгілеу, резервтік аумақтарды қоса алғанда, аумақтарды кешенді дамыту үшін ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ аумақтық көліктік жоспарлау мен жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қамтуға тиіс.

      5. Ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын) жасау кезінде пайдаланылатын арнайы (салалық) немесе өзге қала реттеуші құжаттаманы әзірлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтерге, сондай-ақ арнайы нұсқаулықтар мен салалық нормативтердiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Тиісті облыстың жергілікті атқарушы органдары тапсырыс беруші ретінде облыстың ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктері аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларының) әзірлеуді ұйымдастырады және әзірлеушіні (бас жобалаушыны) айқындайды.

      7. Тапсырыс беруші әзiрлеушiнің (бас жобалаушының) қатысуымен жобалауға арналған тапсырманы жасайды.

      Жобалауға арналған тапсырмаға қойылатын жалпы талаптар мен бастапқы деректердiң тiзбесi сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерде (құрылыс нормаларында және қағидаларында) белгiленедi.

      Тапсырыс беруші бұрын берiлген жобалауға арналған тапсырманы немесе бастапқы деректердi өзгерткен кезде осы уақытқа дейiн толық немесе iшiнара орындалған жобалау жұмыстарын ескере отырып, тапсырыс беруші қосымша шарт (келiсiм) бойынша осы жұмыстардың төлемін жүргізеді.

      8. Заңнамада белгiленген тәртiппен айқындалған әзiрлеушi (бac жобалаушы) ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларының (аудандық жоспарлау жобаларының) құрамында арнайы бөлiмдердi әзiрлейтін жобалау ұйымдары-қосалқы мердiгерлер үшiн тапсырыс беруші болып табылады.

      9. Ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын) әзiрлеу кезiнде әзiрлеушi (бac жобалаушы) тиiстi облыстың не оның бөлiгiнiң аумағындағы тарих, археология, қала құрылысы және сәулет, монумент өнерi ескерткiштері орналасқан карта-схемаларды жасайды.

      Ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларында (аудандық жоспарлау жобаларында) тарих пен мәдениеттің жылжымайтын ескерткiштерi және мемлекеттiк табиғат-қорық қоры объектiлерiн қорғау аймақтары (қорғалатын аймақтар, құрылысты реттейтiн аймақтар және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары) ескерiлуге тиiс. Бұл мақсатпен жобалардың құрамында орындалатын графикалық материалдарға ескерткiштердi қорғау аймақтарының қажеттi элементтерi енгiзiлуге, ал түсiндiрме жазбаларда осы аймақтарда белгiленген режимдi қамтамасыз ететiн талаптар көрсетiлуге тиiс.

      10. Қалалар мен ауылдық елді мекендер қолайсыз табиғи жағдайлары бар аумақтарда орналасқан жағдайда, ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларының (аудандық жоспарлау жобаларының) құрамында аумақты инженерлiк дайындау, аумақ пен көрсетiлген елдi мекендердi табиғи, сол сияқты адамның шаруашылық қызметiнен туындаған қауiптi геологиялық және гидрогеологиялық процестерден қорғау жөнінде жобалық шешiмдер әзiрленедi.

      11. Курорттық ресурстары бар облыстар мен аудандарға, курорттық қалаларға және курорттық үлгідегi басқа да елді мекендерге арналған жобалау жұмыстары аумақты функционалдық медициналық аймақтарға бөлу, курорттық және рекреациялық ресурстарды бағалау жөніндегі материалдарды, сондай-ақ курорттарды санитариялық қорғаудың белгiленген округтарын ескере отырып орындалуға тиiс.

      12. Тапсырыс беруші ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын) әзiрлеу барысында жобалау аумағы мен объектiлерiне зерттеп-қарау жүргiзуде, қосымша бастапқы деректердi жинауда, сондай-ақ аяқталған жобаларды келiсуден өткiзуде әзірлеушіге (бac жобалаушыға) көмек көрсетедi.

      Тапсырыс беруші жобалау барысын бақылауды жүзеге асырады, эскиздік материалдарының сапасын бақылау мақсатында жобаларды зерделейді, екі жақты актілерді мiндеттi түрде ресiмдей және әзiрлеушiмен (бac жобалаушымен) жобалық өнiмдердiң орындалған көлемi үшiн тиісті есеп айырысуды жүргiзе отырып, жобалау жұмыстарын шартқа сәйкес тоқтата тұрады, белгiленген тәртiппен жобалау материалдарына сараптама жүргiзедi.

      13. Ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары (аудандық жоспарлау жобалары) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын сараптама тобы жүзеге асыратын міндетті кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады