Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-9-тармақпен толықтырылсын:
"3-9. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы 2022 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |