"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Science and Technology Solutions" акционерлік қоғамының "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 (бір жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Science and Technology Solutions" акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) қоғамның қатысу үлестеріне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 1147 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Қарағанды облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-23-жолмен толықтырылсын:
"214-23. "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі" акционерлік қоғамы.".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 406-37-1-жолмен толықтырылсын:
"406-37-1. "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі" акционерлік қоғамы.".
3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"3. Акционерлік қоғамдар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:
"30. "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі".
4. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі" акционерлік қоғамы.".