Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесінде:
38-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе: осы Ереженің 25-тармағында және 38-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттарда көзделген мерзімдерде қажетті жинақтарды жүзеге асырмаған Бағдарламаға қатысушылар үшін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы Банктегі шотқа жинақтарды жүзеге асыру мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |