"Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1185 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесінде:

      38-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: осы Ереженің 25-тармағында және 38-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттарда көзделген мерзімдерде қажетті жинақтарды жүзеге асырмаған Бағдарламаға қатысушылар үшін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы Банктегі шотқа жинақтарды жүзеге асыру мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады