"Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының уақыт пен жиіліктің мемлекеттік бастапқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін уақытты есептеу сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.";

      3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады.

      3-1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.".

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі халықты Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы хабардар етсін.

      3. Осы қаулының қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, осы қаулы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2000 года № 1749 "О порядке исчисления времени на территории Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2024 года № 20.

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 3.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2000 года № 1749 "О порядке исчисления времени на территории Республики Казахстан" следующие изменения:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить, что на территории Республики Казахстан исчисление времени, воспроизводимого, хранимого и передаваемого Государственным первичным эталоном времени и частоты Республики Казахстан, производится по международной системе часовых поясов.";

      пункты 3 и 3-1 изложить в следующей редакции:

      "3. Применить ко всей территории Республики Казахстан 5-й часовой пояс.

      3-1. Акиматам городов Астаны, Алматы, Шымкента, Акмолинской, Алматинской, Жамбылской, Карагандинской, Костанайской, Павлодарской, Северо-Казахстанской, Туркестанской, Восточно-Казахстанской областей и областей Абай, Жетісу, Ұлытау в ночь с 29 февраля 2024 года на 1 марта 2024 года (в 00:00 часов) перевести местное время на 1 час назад.".

      2. Министерству культуры и информации Республики Казахстан проинформировать население о порядке исчисления времени на территории Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 марта 2024 года, за исключением пункта 2 настоящего постановления, который вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов