Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 23 қараша N 1749.

      Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеуді реттеу мақсатында және әкімшілік-аумақтық құрылыстың өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының уақыт пен жиіліктің мемлекеттік бастапқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін уақытты есептеу сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.01.2024 № 20 (01.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.15. N 231 қаулысымен

      3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.01.2024 № 20 (01.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.

      Ескерту. Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 07.12.2018 № 817 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.01.2024 № 20 (01.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі осы қаулы күшіне енген кезден бастап халықты Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы хабардар етсін.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.20. N 775 қаулысымен .

      5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 23 қарашадағы
N 1749 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 қаңтардағы N 28 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 1, 23-құжат).

      2. "Орал және Қызылорда облыстарының аумағында уақыт есептеуді өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 наурыздағы N 284 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 13, 13-құжат).

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 23 қыркүйектегі N 384-ө өкімі .

      4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 қаңтардағы N 28 қаулысына өзгерту енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 575 қаулысы

      (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 20, 173-құжат).

      5. "Атырау облысының аумағында уақыт есептеуді өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 91-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады