Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Марат Серікұлы Байдурин Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына өкілдер ретінде жіберілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.06.2024 № 493 қаулысымен.2. Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне Қазақстан Республикасынан:
Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің мүшесі Серік Әбдірахманұлы Бекмағанбетов;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Мұхтар Сейфуллаұлы Жәкенов уәкілетті өкілдер ретінде жіберілсін.
3. "Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу және "Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 645 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 184 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |