Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту, "Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 449 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесінде:
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11 | Қарағанды облысында орналасқан Құмкөл және Шығыс Құмкөл мұнай-газ конденсатты кен орындары | Қазақстан Республикасының Қарағанды облысындағы Құмкөл және Шығыс Құмкөл кен орындарында көмірсутектерді өндіруге арналған 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 4878-УВС келісімшарты | "Торғай Петролеум" акционерлік қоғамы | Мұнай | Кен орнындағы су басуы 91,5 %-ды құрайды | Су басқан | 1,0 | |
1. 46026'05" с.е. 65030'55" ш.б. | ||||||||
2. 46026'24" с.е. 65033'18" ш.б. | ||||||||
3. 46027'57" с.е. | ||||||||
4. 46027'25" с.е. 65036'28" ш.б. | ||||||||
5. 46028'32" с.е. 65038'31" ш.б. | ||||||||
6. 46055'55" с.е. 50019'50" ш.б. | ||||||||
7. 46055'25" с.е. 50018'58" ш.б. | ||||||||
8. 46055'48" с.е. |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |