"Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 97 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларында:

      3-тармақта:

      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген тұлғаға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде:

      теміржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша;

      су жолдарымен, тас және қара жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;

      ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлігімен жол жүрген кезде шығыстарды жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс авиабилетінің құны бойынша өтеуге жол беріледі. Бұл ретте темiржол көлігі билетінің құны авиабилет құнынан асып кететін болса, іссапарға әуе көлiгiмен жіберуге жол беріледі;

      мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, Конституциялық Соттың судьяларына, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс авиабилетінің құны бойынша;

      Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілеріне, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде "Бизнес" класты авиабилет құны бойынша;";

      7-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің жұбайлары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстар 1-класты авиабилет құны мөлшерінде өтеледі;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары және орынбасарлары, аппарат басшылары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесі, Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар "Бизнес" класты авиабилет құны мөлшерінде шетелдік валютада өтеледі;";

      5) тармақшада:

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарларын және орынбасарларын, аппарат басшыларын, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілін, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілін, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесін, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлғалар үшін люкс сыныптамасындағы қонақүйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері үшін жартылай люкс сыныптамасындағы қонақүйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісімен бірге жүретін адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256 "Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 февраля 2024 года № 97.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256 "Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства" следующие изменения:

      в Правилах возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 3:

      абзац второй подпункта 2) изложить в следующей редакции:

      "для руководителей и заместителей руководителей государственных учреждений, руководителей аппаратов центральных государственных органов, судей Конституционного Суда Республики Казахстан, Государственного советника Республики Казахстан, помощников Президента Республики Казахстан, Начальника Канцелярии Президента Республики Казахстан, а также депутатов Парламента и судей Верховного Суда Республики Казахстан норма возмещения расходов по найму жилого помещения в сутки не должна превышать десятикратного размера месячного расчетного показателя в городах Астане, Aлматы, Шымкенте, Aтырау, Aктау и Байконыре, семикратного размера месячного расчетного показателя – в областных центрах и городах областного значения и пятикратного размера месячного расчетного показателя – в районных центрах и городах районного значения и поселке Боровое Бурабайского района Aкмолинской области;";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) по проезду к месту командирования и обратно к месту постоянной работы (кроме случаев, когда администрацией предоставляются командированному соответствующие средства передвижения) на основании предъявленных проездных документов (проездной билет и посадочный талон, по проезду автобусом только проездной билет) при проезде:

      по железным дорогам – по тарифу купейного вагона (за исключением вагонов с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения (СВ);

      по водным путям, шоссейным и грунтовым дорогам – по существующей в данной местности стоимости проезда;

      в исключительных случаях (при транзитном переезде в случае командирования за пределы Республики Казахстан, отсутствии названных транспортных средств или срочности командировки) допускается возмещение расходов в соответствии с приказом (распоряжением) руководителя аппарата центрального государственного органа, а в случаях отсутствия такового – руководителя государственного учреждения железнодорожным транспортом – по тарифу вагонов с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения (СВ) и воздушным транспортом – по стоимости авиабилета экономического класса. При этом при превышении стоимости билета железнодорожного транспорта над авиабилетом допускается командирование воздушным транспортом;

      воздушным транспортом по стоимости авиабилета экономического класса – руководителю государственного органа, первому заместителю и заместителям руководителя государственного органа, лицам, приравненным к ним в соответствии с законодательством Республики Казахстан, судьям Конституционного Суда, руководителю аппарата центрального государственного органа, а в случаях отсутствия такового – руководителю государственного учреждения;

      воздушным транспортом по стоимости авиабилета класса "Бизнес" – Председателю Сената Парламента Республики Казахстан, заместителям Председателя Сената Парламента Республики Казахстан, Председателю Мажилиса Парламента Республики Казахстан, заместителям Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан, Председателю Верховного Суда Республики Казахстан, Первому заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан, заместителям Премьер-Министра Республики Казахстан, Государственному советнику Республики Казахстан, Руководителю Aдминистрации Президента Республики Казахстан, помощникам Президента Республики Казахстан, Секретарю Совета Безопасности Республики Казахстан, Начальнику Канцелярии Президента Республики Казахстан и лицам, приравненным к ним в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      в пункте 7:

      подпункты 1) и 2) изложить в следующей редакции:

      "1) при выезде за границу Президента Республики Казахстан, Премьер-Министра Республики Казахстан, Председателя Сената Парламента Республики Казахстан, Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан, Государственного советника Республики Казахстан, а также лиц, их сопровождающих (супруги Президента Республики Казахстан, Премьер-Министра Республики Казахстан, Председателя Сената Парламента Республики Казахстан, Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан, Государственного советника Республики Казахстан), сотрудников Службы государственной охраны Республики Казахстан (при сопровождении охраняемого лица) транспортные расходы в иностранной валюте возмещаются в размере стоимости авиабилета по 1 классу;

      2) при выезде за границу по служебным делам Руководителя Aдминистрации Президента Республики Казахстан, Председателя Конституционного Суда Республики Казахстан, Председателя Высшего Судебного Совета Республики Казахстан, Председателя Верховного Суда Республики Казахстан, Председателя Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, заместителей Премьер-Министра Республики Казахстан, заместителя Председателя Конституционного Суда Республики Казахстан, Секретаря Совета Безопасности, начальника Канцелярии Президента Республики Казахстан, чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан за рубежом, Генерального Прокурора Республики Казахстан, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, заместителей Председателя Сената Парламента Республики Казахстан, заместителей Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан, Управляющего делами Президента Республики Казахстан, помощников Президента Республики Казахстан, советников Президента Республики Казахстан, заместителя Секретаря Совета Безопасности, руководителей центральных государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, руководителей центральных исполнительных органов, акимов областей, городов республиканского значения, столицы, председателей постоянных комитетов палат Парламента Республики Казахстан, Руководителя Аппарата Правительства Республики Казахстан, Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан, руководителей структурных подразделений Aдминистрации Президента Республики Казахстан, заместителей Руководителя Аппарата Правительства Республики Казахстан, заместителей руководителей центральных государственных органов, назначаемых Президентом Республики Казахстан, первых заместителей и заместителей руководителей, руководителей аппаратов центральных государственных органов, Специального представителя Республики Казахстан на переговорах по вступлению Республики Казахстан во Всемирную торговую организацию (ВТО), Специального представителя Республики Казахстан по вопросам сотрудничества с Организацией по безопасности и сотрудничеству в Европе (ОБСЕ), члена Европейской комиссии за демократию через право от Республики Казахстан (Венецианская комиссия Совета Европы), Постоянного представителя Республики Казахстан при международной организации, Полномочного представителя Республики Казахстан при международной организации, членов Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан транспортные расходы в иностранной валюте возмещаются в размере стоимости авиабилета по классу "Бизнес";";

      в подпункте 5):

      части третью и четвертую изложить в следующей редакции:

      "для должностных лиц, указанных в подпункте 2) настоящего пункта, за исключением руководителей структурных подразделений Администрации Президента Республики Казахстан, заместителей руководителей центральных государственных органов, назначаемых Президентом Республики Казахстан, первых заместителей и заместителей руководителей, руководителей аппаратов центральных государственных органов, Специального представителя Республики Казахстан на переговорах по вступлению Республики Казахстан во Всемирную торговую организацию (ВТО), Специального представителя Республики Казахстан по вопросам сотрудничества с Организацией по безопасности и сотрудничеству в Европе (ОБСЕ), члена Европейской комиссии за демократию через право от Республики Казахстан (Венецианская комиссия Совета Европы), членов Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан – по стоимости одноместного гостиничного номера по классификации люкс;

      для депутатов Парламента Республики Казахстан, судей Конституционного Суда Республики Казахстан, руководителей структурных подразделений Aдминистрации Президента Республики Казахстан, первых заместителей, заместителей руководителей центральных государственных органов Республики Казахстан, руководителей аппаратов центральных государственных органов, заместителей акимов областей, городов республиканского значения, столицы, Специального представителя Республики Казахстан на переговорах по вступлению Республики Казахстан во Всемирную торговую организацию (ВТО), Специального представителя Республики Казахстан по вопросам сотрудничества с Организацией по безопасности и сотрудничеству в Европе (ОБСЕ), члена Европейской комиссии за демократию через право от Республики Казахстан (Венецианская комиссия Совета Европы), членов Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан – по стоимости одноместного гостиничного номера по классификации полулюкс;";

      часть шестую изложить в следующей редакции:

      "для лиц, сопровождающих Главу государства Республики Казахстан, Премьер-Министра Республики Казахстан, Председателя Сената Парламента Республики Казахстан, Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан, Государственного советника Республики Казахстан, – по фактическим затратам, в том числе расходы по бронированию;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов