Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Қызылжар орман шаруашылығы" және "Соколов орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – мекемелер) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 230,1 гектар жер учаскелері елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі елді мекен шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығыстары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүрені көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2024 жылғы 29 ақпандағы № 140 қаулысына |
|
қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, | оның ішінде: | |||||
орман | орман көмкермеген | егістік | жайылымдар |
өзге жерлер |
өзге жерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Кызылжар орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 229,4 | 69,6 | 82,3 | 7,8 | 3,8 | 60,8 | 5,1 |
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Соколовка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 0,7 | 0,7 | - | - | - | - | - |
Барлығы: | 230,1 | 70,3 | 82,3 | 7,8 | 3,8 | 60,8 | 5,1 |