Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 140 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Қызылжар орман шаруашылығы" және "Соколов орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – мекемелер) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 230,1 гектар жер учаскелері елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі елді мекен шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығыстары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүрені көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 140 қаулысына
  қосымша

Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы


Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде:

орман
көмкерген

орман көмкермеген

егістік

жайылымдар

өзге жерлер
(құрылыс салынған)

өзге жерлер
(батпақ және өзгелері)

1

2

3

4

5

6

7

8

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Кызылжар орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме

229,4

69,6

82,3

7,8

3,8

60,8

5,1

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Соколовка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме

0,7

0,7

-

-

-

-

-

Барлығы:

230,1

70,3

82,3

7,8

3,8

60,8

5,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады