Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасында:
"Паспорт" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. | Ұлттық жобаны іске асыруға қажетті қаржыландыру көлемі | Республикалық бюджет пен жеке инвестициялар есебінен 217,7 млрд теңге |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10. | Ұлттық жобаның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшалар |
1. Ауылдық елді мекендерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін пайдалануға беру жоспары. |
";
"Ұлттық жобаның мақсаты мен міндеттері" деген 3-бөлімде:
1-міндет мынадай редакцияда жазылсын:
"1-міндет. Ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес МСАК ұйымдарымен қамтамасыз ету.
2023 – 2024 жылдары 655 МСАК объектісі, оның ішінде жеке инвестициялар есебінен салынып, пайдалануға беріледі, олардың 260-сы медициналық пункт (бұдан әрі – МП), сондай-ақ халық саны 50-ден 200 адамға дейінгі елді мекендер үшін жалпы ауданы 70 шаршы метрден аспайтын және құрамы мынадай ең аз негізгі үй-жайлардан тұратын медициналық пункттер: орта медицина персоналының кабинеті, емшара кабинеті, шаруашылық-тұрмыстық үй-жай, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт (бұдан әрі – ФАП), 160 дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі – ДА) салынатын болады.
Бұл ретте аталған объектілер белгіленгеннен төмен емес стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықтармен жарақтандырылады, сондай-ақ біріңғай шешімдегі қасбет дизайны пайдаланылатын болады.
Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бастапқы деректерді (геологиялық іздестіру, топографиялық түсірілім, техникалық шарттар және тағы басқа) бере отырып, МСАК ғимараттары салынатын жер учаскелерін бөлетін болады, сондай-ақ МСАК объектілеріне сыртқы инженерлік желілер (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, Интернет және тағы басқа) тартылады.
"Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы МСАК объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамасын, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды қолдана отырып, бірыңғай жобалаушы болады, сондай-ақ объектілерді жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторинг жүргізеді.
Ауылдық елді мекендерді МСАК көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасына 4-қосымшада айқындалған базалық параметрлерге сәйкес МЖӘ шарттары шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін.
МЖӘ шарттары шеңберінде жекеше әріптестің МСАК көрсетілетін қызметтерін МСАК жеке объектісін немесе МСАК объектілерінің желісін құру және оларды нысаналы мақсатына сәйкес кейіннен пайдалану арқылы қамтамасыз етуі көзделген";
"Ұлттық жобаны іске асырудың жоспар-кестесі" деген 4-бөлімде:
"Ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес МСАК ұйымдарымен қамтамасыз ету" деген 1-міндетте:
12, 13-іс-шаралар мынадай редакцияда жазылсын:
"
12-іс-шара. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстарына, техникалық және авторлық қадағалау қызметтеріне шарттар жасасу, сондай-ақ МЖӘ шарттарын жасасуға арналған рәсімдерді өткізу | шарттар жасасу | 2023 жылғы 2-тоқсан – 2024 жылғы 3-тоқсан | талап етілмейді | тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО |
13-іс-шара. | құрылыстың басталғаны туралы хабарлама | 2023 жылғы 3-тоқсан – 2024 жылғы 4-тоқсан | республикалық және жергілікті бюджеттер, жеке инвестициялар | тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО, ДСМ |
";
15-іс-шара мынадай редакцияда жазылсын:
"
15-іс-шара. Объектілерді пайдалануға беру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларына енгізу | объектіні пайдалануға қабылдау актілері |
2023 жылғы 4-тоқсан – | талап етілмейді | тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО |
";
мынадай мазмұндағы 17, 18-іс-шаралармен толықтырылсын:
"
17-іс-шара. | ДСМ бұйрығы | 2024 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | ДСМ |
18-іс-шара. | ДСМ бұйрығы | 2024 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | ДСМ |
";
"Ауыл тұрғындарына уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсетуді арттыру" деген 2-міндетте:
10-іс-шара мынадай редакцияда жазылсын:
"
10-іс-шара. | объектіні пайдалануға қабылдау актісі |
2024 жылғы 4-тоқсан – | талап етілмейді | тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО, ДСМ |
";
"2023 – 2024 жылдар кезеңінде ауылдық елді мекендерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін (МП, ФАП, ДА) пайдалануға беру жоспары" деген 1-қосымшада:
"Алматы облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
реттік нөмірі 14-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
реттік нөмірлері 19, 20, 21, 22 және 23-жолдарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
30 | Іле ауданы Береке бау-бақша серіктестіктерінің өндірістік кооперативі | жаңа | ДА | 1 |
";
реттік нөмірлері 36 және 37-жолдарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"Қызылорда облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
16 | Арал ауданы Көктем ауылы | орнына салынады | МП | 1 |
";
реттік нөмірлері 26 және 27-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
26 | Қармақшы ауданы Қармақшы ауылы | орнына салынады | ФАП | 1 |
27 | Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылы | орнына салынады | ФАП | 1 |
";
"Түркістан облысы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
18 | Жетісай ауданы Жетісу (Асықата) ауылы | орнына салынады | ДА | 1 |
";
"Ұлытау облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 наурыздағы № 221 қаулысына қосымша |
4 | Ұлытау ауданы Шеңбер ауылы | орнына салынады | МП | 1 |
";
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
15 | Ұлытау ауданы Алғабас ауылы | орнына салынады | МП | 1 |
";
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
20 | Ұлытау ауданы Егінді ауылы | орнына салынады | МП | 1 |
";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асырудың базалық параметрлері" деген 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасына 4-қосымша |
"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асырудың базалық параметрлері
1. | Мақсаты | МЖӘ жобасын (-ларын) іске асыру арқылы ауыл халқына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру |
2. | Міндеттері |
1) МЖӘ шарты (-тары) шеңберінде ауылдық елді мекендерді МСАК көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету. |
3. | Пайдалану мерзімі | 5 жылдан 20 жылға дейін |
4. | Бюджет қаражаты есебінен болжамды төлемдер | Көзделмеген |
5. | Мемлекеттік қолдау шаралары | ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу түріндегі мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз ету |
6. | Жекеше әріптесті айқындау және онымен МЖӘ шартын жасасу | Жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу және МЖӘ үлгілік шартын жасасу |
7. | Институционалдық схема |
Инвестициялық кезеңде МЖӘ жобасына қатысушылардың өзара іс-қимылы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: |
8. | МЖӘ жобасын іске асырудан пайда алушылар |
1. Мемлекет – ауылдық елді мекендердің тұрғындарын МСАК көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету түрінде. |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – жергілікті атқарушы орган;
МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;
МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік;
МСАК – медициналық санитариялық алғашқы көмек;
ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі.