"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның "Қазтелерадио", "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" акционерлік қоғамдарының және "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлануын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |