Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 337 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Оңтүстік" мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен;

      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана – жаңа қала" мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен;

      3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Ақпараттық технологиялар паркі" мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте көздеген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 163-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "163-1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 357-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "357-1) салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушілердің санатын, сондай-ақ салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етудің, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсынудың, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;";

      405) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "405) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімді шығару нысаны мен мерзімдерін белгілеу;";

      758-65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "758-65) цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 758-84), 758-85), 758-86), 758-87), 758-88) және 758-89) тармақшалармен толықтырылсын:

      "758-84) букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің тәртібін, тізбесін және нысанын әзірлеу және бекіту;

      758-85) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша салық агентіне ұсынылған жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын әзірлеу және белгілеу;

      758-86) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзірлейтін және бекітетін консулдық алым мөлшерлемелерін келісу;

      758-87) жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның объектілерді салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын және мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді салық органдарына ұсыну тәртібін әзірлеу және айқындау;

      758-88) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін келісу;

      758-89) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тәртібі мен тізбесін белгілеу;";

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі" деген 1-бөлімде:

      174, 229 және 240-тармақтар алып тасталсын.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 2024 года № 337.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать:

      1) республиканское государственное учреждение "Управление государственных доходов по Енбекшинскому району Департамента государственных доходов по городу Шымкенту Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан" путем присоединения к нему республиканского государственного учреждения "Управление государственных доходов "Оңтүстік" Департамента государственных доходов по городу Шымкенту Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан;

      2) республиканское государственное учреждение "Департамент государственных доходов по городу Астане Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан" путем присоединения к нему республиканского государственного учреждения "Управление государственных доходов "Астана – жаңа қала" Департамента государственных доходов по городу Астане Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан";

      3) республиканское государственное учреждение "Управление государственных доходов по Медеускому району Департамента государственных доходов по городу Алматы Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан путем присоединения к нему республиканского государственного учреждения "Управление государственных доходов "Парк информационных технологий" Департамента государственных доходов по городу Алматы Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан".

      2. Установить, что финансирование республиканских государственных учреждений, указанных в пункте 1 настоящего постановления, осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных Министерством финансов Республики Казахстан в республиканском бюджете.

      3. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 163-1) следующего содержания:

      "163-1) разработка и утверждение формы извещения о нарушениях, выявленных по результатам камерального контроля";

      дополнить подпунктом 357-1) следующего содержания:

      "357-1) разработка и утверждение категории налогоплательщиков, в отношении которых применяются нормы по предварительному акту налоговой проверки, а также порядок и сроки вручения налогоплательщику предварительного акта налоговой проверки, предоставления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, а также рассмотрения такого возражения;";

      подпункт 405) изложить в следующей редакции:

      "405) установление формы и сроков вынесения решения о признании уведомления об устранении нарушений, выявленных налоговыми органами по результатам камерального контроля, неисполненным;";

      подпункт 758-65) изложить в следующей редакции:

      "758-65) разработка и утверждение порядка определения, опубликования стоимости цифровых активов и перечня их видов;";

      дополнить подпунктами 758-84), 758-85), 758-86), 758-87), 758-88) и 758-89) следующего содержания:

      "758-84) разработка и утверждение порядка, перечня и формы сведений, подлежащих передаче посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами налогового органа;

      758-85) разработка и установление формы заявления об удержании индивидуального подоходного налога, представленного налоговому агенту, по согласованию с уполномоченным органом в сфере социальной защиты населения;

      758-86) согласование ставок консульского сбора, разрабатываемых и утверждаемых Министерством иностранных дел Республики Казахстан;

      758-87) разработка и определение порядка представления в налоговые органы сведений по земельным участкам, предназначенным для строительства объектов и не используемым в соответствующих целях или используемым с нарушением законодательства Республики Казахстан, и сельскохозяйственного назначения, не используемым по назначению или используемым с нарушением законодательства Республики Казахстан, уполномоченным органом по контролю за использованием и охраной земель;

      758-88) согласование порядка выявления земельных участков, не используемых в соответствующих целях или используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан, разрабатываемого и утверждаемого центральным уполномоченным органом по управлению земельными ресурсами;

      758-89) установление совместно с соответствующими уполномоченными государственными органами порядка и перечня представляемых органами государственных доходов сведений, составляющих налоговую тайну;";

      в перечне территориальных органов, находящихся в ведении Министерства и территориальных подразделений его ведомств:

      в перечне республиканских государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан:

      в разделе 1 "Перечень государственных учреждений – территориальных органов Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан":

      пункты 174, 229 и 240 исключить.

      4. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов