Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 781 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі:";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау, гидрологиялық және су шаруашылығын бағалау, гидрогеология және геоэкология саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ғылыми-зерттеу институттары және өзге де ұйымдар Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің сұратуы бойынша:";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шектес мемлекеттермен келіссөздер процесіне дайындық барысында ықтимал пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігін уақтылы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы трансшекаралық су бассейндерінде суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуді, сондай-ақ осы учаскелерде су үнемдеу технологияларын енгізуді қамтамасыз етсін.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі:
1) келіссөздер процесіне дайындық барысында ықтимал пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігін уақтылы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің су ресурсына деген мұқтаждығына ұдайы мониторинг жүргізуді және бағалауды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша трансшекаралық су бассейндерінде су көлігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстар тұжырымдасын.";
9-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) трансшекаралық су бассейндерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгені және туындағаны туралы мониторинг жүйелерінен, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау құралдары пайдаланынып алынған жедел ақпарат алмасу бойынша Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша трансшекаралық су бассейндерінде төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстар тұжырымдасын.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі трансшекаралық су бассейндеріндегі микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша жедел ақпарат алмасу жөнінде Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.";
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне трансшекаралық су бассейндерінің қазақстандық бөлігінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын беріп тұрсын;";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне Қазақстан Республикасының аумағындағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарының сандық және сапалық жай-күйін мониторингтеу деректерін ұсынып тұрсын.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының және шектес мемлекеттермен шекаралас облыстардың әкімдері Қазақстан аумағында келіссөздер, консультациялар мен жұмыс бабындағы кездесулер өткізген кезде протоколдық іс-шараларды ұйымдастыруды, сондай-ақ қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуді, делегация мүшелерінің олардың жеке қауіпсіздігін, оның ішінде кедендік шекарадан өту кезінде мүлік пен құжаттамаға қол сұғылмаушылықты, оларды тіркеуді жүзеге асыру бойынша (қажет болған кезде) және кедергісіз жүріп-тұруға жәрдем көрсетуді қоса алғанда, бірлескен комиссиялардың жұмысы үшін жағдайды қамтамасыз етсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 маусымдағы № 433 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 781 қаулысымен бекітілген |
Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану мен қорғау туралы бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі, делегация жетекшісі;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі, делегация жетекшісінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, делегация жетекшісінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің төрағасы;
Абай облысы әкімінің орынбасары;
Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;
Алматы облысы әкімінің орынбасары;
Атырау облысы әкімінің орынбасары;
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;
Жетісу облысы әкімінің орынбасары;
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;
Қостанай облысы әкімінің орынбасары;
Павлодар облысы әкімінің орынбасары;
Түркістан облысы әкімінің орынбасары;
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, жұмыс тобының жетекшісі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат департаменті директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті экологиялық мониторинг және талдау басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті экологиялық мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті қоршаған ортаның сапасын реттеу басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Қытаймен және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастық басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Орталық Азия бойынша су ынтымақтастығы басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті мелиорация басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті энергетиканы және экологияны дамыту басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті су көлігі басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдың алу басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдың алу басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының кеңесшісі;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының екінші хатшысы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қытаймен және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, хатшы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Орталық Азия бойынша су ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, хатшы;
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті су көлігі басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Электр энергетикасын дамыту және интеграция басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті энергетиканы және экологияны дамыту басқармасының сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, басшының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті жер қойнауын геологиялық зерттеу, геология және гидрогеология басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті жер қойнауын геологиялық зерттеу, геология және гидрогеология басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Жайық, Қараөзен, Сарыөзен, Қиғаш өзендері бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Есіл өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Тобыл өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Ертіс өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;
"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
"Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
"Ақтөбе облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
"Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің басшысы;
"Абай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі автомобиль тасымалы және көлік бөлімінің басшысы;
"Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
"Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Экологиялық мониторинг департаментінің директоры;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Гидрология департаментінің директоры;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалы директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалының қоршаған ортаның жай-күйін бақылау зертханасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан облысы бойынша филиалының директоры;
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас заңгері;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалының директоры;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан филиалының директоры;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының директоры;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалының директоры;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының директоры;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Атырау филиалының директоры;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының директоры;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан филиалының директоры;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қостанай филиалының директоры;
"Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісу бойынша);
"Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының Ғылыми-ақпараттық орталығы" Қазақ филиалының директоры (келісу бойынша);
"Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы" қоғамдық қорының директоры (келісу бойынша);
"Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы" қоғамдық қоры Су ресурстары департаментінің директоры (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы;
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі су ресурстарының мониторингі, мемлекеттік есепке алу және кадастры бөлімінің басшысы;
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі Павлодар аумақтық бөлімінің басшысы;
Шу-Талас комиссиясының хатшылығы қазақстандық бөлігінің жетекшісі;
"М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірлік гидрогеология және геоэкология зертханасының меңгерушісі (келісу бойынша);
"Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы" "KEGOC" акционерлік қоғамының филиалы Энергетикалық режимдер қызметі бастығының орынбасары (келісу бойынша);
"География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамы су ресурстары зертханасының ғылыми қызметкері (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының өкілі (келісу бойынша);
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Сыртқы саяси зерттеулер институты" акционерлік қоғамының өкілі (келісу бойынша);
су шаруашылығы саласындағы тәуелсіз сарапшы (келісу бойынша).