Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 781 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 141-бабына, 2000 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісімнің 5-бабына, 2001 жылғы 12 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 8-бабына, 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімнің 12-бабына, 1992 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан арасындағы мемлекетаралық көздердің су ресурстарын пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы (бұдан әрі – делегация) бекітілсін.

      2. Делегация:

      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес трансшекаралық суды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырсын;

      2) Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардың (бұдан әрі – бірлескен комиссиялар) отырыстарына дайындықты жүзеге асырсын;

      3) бірлескен комиссиялар шеңберінде трансшекаралық суды бірлесіп басқарудың, пайдаланудың және қорғаудың өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымын тұжырымдасын;

      4) бірлескен комиссиялардың отырыстарына қатыссын;

      5) қажет болған жағдайда, оның ішінде іздестіру мен жобалауды, талдамалық зерттеулерді, трансшекаралық су бассейндерінің су ресурстарының жай-күйін талдау мен бағалауды орындау үшін тәуелсіз сарапшылар ретінде ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институттарының ғалымдарын, су шаруашылығы саласындағы практик-мамандарды тартсын.

      3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі:

      1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлескен комиссиялардың қызметін үйлестірсін, оның ішінде бірлескен комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қазақстандық ұстанымды тұжырымдауды келіссін;

      2) делегация мүшелерімен бірлескен комиссиялар отырыстарының күн тәртібі мен хаттамаларының жобаларын келіссін, сондай-ақ су саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау үшін бірлескен комиссиялар отырыстары арасындағы кезеңде кеңестер және/немесе жұмыс кездесулерін өткізсін;

      3) бірлескен комиссиялардың әрбір отырысының қорытындысы бойынша қол қойылған хаттамаларға сәйкес қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлесін;

      4) мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес трансшекаралық өзендердің сулылығының жай-күйі бойынша жыл сайын гидрометеорологиялық болжауды жүзеге асырсын;

      5) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бірлескен комиссиялардың отырыстары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

      6) трансшекаралық суды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау жөнінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар тұжырымдасын;

      7) Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындауды, оның ішінде трансшекаралық суды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі техникалық жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтерді (жобалау, іздестіру, зерттеу, талдау, бағалау) мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырсын;

      8) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп жыл сайынғы негізде делегация мүшелеріне елден тыс жерлерге іссапар шығыстары үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ел аумағында консультациялар мен жұмыс кездесулерін, отырыстарды ұйымдастыру және өткізу (үй-жайды жалға алу, көлікті жалға алу, аудармашылар көрсететін қызметтер, ресми қабылдаулар) үшін шаралар қабылдасын;

      9) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес делегация құрамына тартылатын мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын тәуелсіз сарапшылардың ел ішіндегі және одан тыс жерлердегі іссапар шығыстарына республикалық бюджеттен қаражат бөлу жөнінде шаралар қабылдасын;

      10) бірлескен комиссиялар шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуы, сондай-ақ трансшекаралық суды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы үкіметтік деңгейдегі кездесулер мониторингін жүзеге асырсын және талдау жүргізсін, тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 25-күніне дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүргізілген жұмыстың қорытындылары туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде есеп берсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.06.2024 № 433 қаулысымен.

      4. Трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау, гидрологиялық және су шаруашылығын бағалау, гидрогеология және геоэкология саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ғылыми-зерттеу институттары және өзге де ұйымдар Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің сұратуы бойынша:

      1) делегация құрамында Қазақстан Республикасы шегінде және одан тыс жерде жүзеге асырылатын жұмысты істеу үшін өз өкілдерін жіберсін;

      2) трансшекаралық суды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан Республикасының ұсыныстары мен ұстанымын тұжырымдауға жәрдем көрсетсін.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.06.2024 № 433 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасының ғылыми негізделген дәлелдерін күшейту мақсатында трансшекаралық өзендердің бассейндері бойынша ғарыштық мониторинг пен талдау жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын.

      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шектес мемлекеттермен келіссөздер процесіне дайындық барысында ықтимал пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігін уақтылы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы трансшекаралық су бассейндерінде суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуді, сондай-ақ осы учаскелерде су үнемдеу технологияларын енгізуді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2024 № 433 қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі трансшекаралық су бассейндерінде су-энергетикалық ресурстарды пайдалану мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға жәрдем көрсетсін және қатыссын.

      8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі:

      1) келіссөздер процесіне дайындық барысында ықтимал пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігін уақтылы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің су ресурсына деген мұқтаждығына ұдайы мониторинг жүргізуді және бағалауды қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша трансшекаралық су бассейндерінде су көлігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстар тұжырымдасын.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2024 № 433 қаулысымен.

      9. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі:

      1) трансшекаралық су бассейндерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгені және туындағаны туралы мониторинг жүйелерінен, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау құралдары пайдаланынып алынған жедел ақпарат алмасу бойынша Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша трансшекаралық су бассейндерінде төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстар тұжырымдасын.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.06.2024 № 433 қаулысымен.

      10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі трансшекаралық су бассейндеріндегі микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша жедел ақпарат алмасу жөнінде Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2024 № 433 қаулысымен.

      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:

      1) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне трансшекаралық су бассейндерінің қазақстандық бөлігінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын беріп тұрсын;

      2) трансшекаралық судың су-энергетикалық ресурстарын пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік пайдасын айқындау мәселелері бойынша құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға жәрдем көрсетсін және қатыссын.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.06.2024 № 433 қаулысымен.

      11-1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне Қазақстан Республикасының аумағындағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарының сандық және сапалық жай-күйін мониторингтеу деректерін ұсынып тұрсын.

      Ескерту. Қаулы 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.06.2024 № 433 қаулысымен.

      12. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының және шектес мемлекеттермен шекаралас облыстардың әкімдері Қазақстан аумағында келіссөздер, консультациялар мен жұмыс бабындағы кездесулер өткізген кезде протоколдық іс-шараларды ұйымдастыруды, сондай-ақ қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуді, делегация мүшелерінің олардың жеке қауіпсіздігін, оның ішінде кедендік шекарадан өту кезінде мүлік пен құжаттамаға қол сұғылмаушылықты, оларды тіркеуді жүзеге асыру бойынша (қажет болған кезде) және кедергісіз жүріп-тұруға жәрдем көрсетуді қоса алғанда, бірлескен комиссиялардың жұмысы үшін жағдайды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2024 № 433 қаулысымен.

      13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 781 қаулысымен
бекітілген

Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану мен қорғау туралы бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2024 № 433 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі, делегация жетекшісі;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі, делегация жетекшісінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, делегация жетекшісінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы;

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің төрағасы;

      Абай облысы әкімінің орынбасары;

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары;

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

      Алматы облысы әкімінің орынбасары;

      Атырау облысы әкімінің орынбасары;

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

      Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

      Жетісу облысы әкімінің орынбасары;

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары;

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары;

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, жұмыс тобының жетекшісі;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі;

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат департаменті директорының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті экологиялық мониторинг және талдау басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті экологиялық мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті қоршаған ортаның сапасын реттеу басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшысы;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Қытаймен және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастық басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Орталық Азия бойынша су ынтымақтастығы басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті мелиорация басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті энергетиканы және экологияны дамыту басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті су көлігі басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдың алу басқармасының бастығы;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдың алу басқармасының бастығы;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының кеңесшісі;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының екінші хатшысы;

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қытаймен және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Орталық Азия бойынша су ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті су көлігі басқармасының бас сарапшысы;

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Электр энергетикасын дамыту және интеграция басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті энергетиканы және экологияны дамыту басқармасының сарапшысы;

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, басшының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының бас сарапшысы;

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының сарапшысы;

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті жер қойнауын геологиялық зерттеу, геология және гидрогеология басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті жер қойнауын геологиялық зерттеу, геология және гидрогеология басқармасының бас сарапшысы;

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Жайық, Қараөзен, Сарыөзен, Қиғаш өзендері бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Есіл өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Тобыл өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Ертіс өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;

      "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;

      "Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      "Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;

      "Ақтөбе облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;

      "Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің басшысы;

      "Абай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі автомобиль тасымалы және көлік бөлімінің басшысы;

      "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      "Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;

      "Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      "Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Экологиялық мониторинг департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Гидрология департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалы директорының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалының қоршаған ортаның жай-күйін бақылау зертханасының бастығы;

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан облысы бойынша филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас заңгері;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Атырау филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан филиалының директоры;

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қостанай филиалының директоры;

      "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісу бойынша);

      "Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының Ғылыми-ақпараттық орталығы" Қазақ филиалының директоры (келісу бойынша);

      "Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы" қоғамдық қорының директоры (келісу бойынша);

      "Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы" қоғамдық қоры Су ресурстары департаментінің директоры (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы;

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы;

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы;

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы;

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі су ресурстарының мониторингі, мемлекеттік есепке алу және кадастры бөлімінің басшысы;

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі Павлодар аумақтық бөлімінің басшысы;

      Шу-Талас комиссиясының хатшылығы қазақстандық бөлігінің жетекшісі;

      "М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірлік гидрогеология және геоэкология зертханасының меңгерушісі (келісу бойынша);

      "Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы" "KEGOC" акционерлік қоғамының филиалы Энергетикалық режимдер қызметі бастығының орынбасары (келісу бойынша);

      "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамы су ресурстары зертханасының ғылыми қызметкері (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының өкілі (келісу бойынша);

      "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Сыртқы саяси зерттеулер институты" акционерлік қоғамының өкілі (келісу бойынша);

      су шаруашылығы саласындағы тәуелсіз сарапшы (келісу бойынша).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады