"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 442 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында:

      2-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;";

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жалдаушылардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда жекелеген тұрғынжайды жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тұрғынжайды жекешелендіру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді.

      14. Өтініш беруші жекешелендіру тәртібімен тұрғынжайларды меншікке сатып алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелері қол қойған өзі тұратын тұрғынжайды жекешелендіруге өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (сәйкестендіру үшін);

      3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктер (қажет болуына қарай, ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);

      4) порталда тіркелген жалдау шарты не тұрғынжай ордері;

      5) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;

      6) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты қосымша ұсынады;

      7) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

      8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

      9) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екенін растайтын құжат;

      10) Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжат.

      Жеке басты куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы тамыздан кейін) куәліктердің мәліметтерін, меншік құқығында өздеріне тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтерді, мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне алады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке беру "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншікті бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына (бұдан әрі – Беру қағидалары) сәйкес беру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде порталды пайдалану арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мен коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына беру күнтізбелік он бес күн ішінде порталды пайдалану арқылы электрондық нысанда жүргізіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Портал арқылы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті бюджетке төленуге тиіс тұрғынжайдың құнын төлейді.

      Тұрғынжай меншікке өтеусіз алынған кезде төлем жүргізілмейді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673 "Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июня 2024 года № 442.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673 "Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда" следующие изменения:

      в Правилах приватизации жилищ из государственного жилищного фонда, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 16) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "16) веб-портал реестра государственного имущества (далее – портал) – интернет-ресурс, размещенный в сети Интернет по адресу: www.e-qazyna.kz, предоставляющий единую точку доступа к электронной базе данных по договорам о приватизации жилища;";

      подпункт 1) пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "1) сдаваемые внаем в соответствии с отдельными договорами найма жилища нескольким нанимателям, в случае несогласия одного из них осуществить покупку;";

      пункты 13 и 14 изложить в следующей редакции:

      "13. Приватизация жилищ оформляется договором о приватизации жилища по типовой форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      14. Для приобретения в собственность жилищ в порядке приватизации заявитель предоставляет в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) либо через веб-портал "электронного правительства" на рассмотрение жилищной комиссии следующие документы:

      1) заявление на приватизацию занимаемого жилища, подписанное всеми совершеннолетними членами семьи нанимателя;

      2) документы, удостоверяющие личность услугополучателя и членов его семьи (для идентификации);

      3) свидетельства о заключении (расторжении) брака, смерти членов семьи, рождении детей (по мере необходимости, в случае отсутствия сведений в информационной системе);

      4) договор найма либо ордер на жилище, зарегистрированный на портале;

      5) в случаях признания других лиц членами семьи услугополучателя последним предоставляется решение суда о признании их членами семьи услугополучателя;

      6) граждане, относящиеся к социально уязвимым слоям населения, дополнительно предоставляют документ, подтверждающий принадлежность услугополучателя (семьи) к социально уязвимым слоям населения;

      7) граждане, относящиеся к категории государственных служащих, работников бюджетных организаций, военнослужащих, сотрудников специальных государственных органов, судей и лиц, занимающих государственные выборные должности, дополнительно предоставляют справку с места работы (службы) либо копию документа, подтверждающего трудовую деятельность работника;

      8) кандидаты в космонавты, космонавты предоставляют документ, подтверждающий их статус, который присваивается Правительством Республики Казахстан;

      9) документ, подтверждающий отсутствие задолженности по договору найма жилища;

      10) в случае приватизации в соответствии с пунктом 7 Правил – документ, подтверждающий принадлежность к категории граждан, имеющих право на безвозмездное получение в собственность жилища из государственного жилищного фонда.

      Сведения документов, удостоверяющих личность, свидетельств о заключении или расторжении брака (после 1 июня 2008 года), о смерти (после 13 августа 2007 года), о рождении детей (после 13 августа 2007 года), сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, сведения об адресе, решение суда о признании других лиц членами семьи услугополучателя, документов, подтверждающих принадлежность услугополучателя к социально уязвимым слоям населения, услугодатель получает на всех членов семьи из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. После вынесения решения о приватизации передача жилища из жилищного фонда государственных предприятий и государственных учреждений в коммунальную собственность осуществляется в течение пятнадцати календарных дней со дня вынесения решения о передаче в соответствии с Правилами передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 мая 2023 года № 85 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32641) (далее – Правила передачи) с использованием портала в электронной форме.

      После вынесения решения о приватизации передача жилища из жилищного фонда коммунального государственного предприятия и коммунального государственного учреждения в коммунальный жилищный фонд производится в течение пятнадцати календарных дней с использованием портала в электронной форме.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. После заключения договора о приватизации жилища заявителем через портал в течение тридцати календарных дней производится оплата стоимости жилища, подлежащей уплате в местный бюджет, за исключением случаев, указанных в пункте 23 настоящих Правил.

      При безвозмездном приобретении в собственность жилища оплата не производится.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двух месяцев после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов